АЛМАТЫДА БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ  
07.07.2020
629
0

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда балаларға арналған музыкалық мектеп, мектептердің негізгі ғиматтарына жалғастырыла салынған қосымша құрылыстар және балабақшалар пайдалануға берілді. Білім беру нысандарының құрылысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы негізінде басталған.

   Жалпы, елорда күніне орай Алматыда әлеуметтік маңызы бар білім беру инфрақұрылымының алты нысаны іске қосылды.

  Бүгінде Бостандық ауданында орналасқан екі мектепке дейінгі мекеме, жекеменшік балабақша және №191 балабақша пайдалануға берілді. Олар сәйкесінше 45 және 195 орынға шақталған. Ауданда 100 орынға есептелген  № 45 балалар музыка мектебінің құрылысы және Медеу ауданында да  музыка мектебінің құрылысы аяқталды.

  Жалпы, Алматыда қаланың барлық аудандарында оқушыларға арналған орындар санын көбейтумәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, № 61 мектепке жалғастырыла салынған 450 орынға арналған оқу корпусы мен № 123 мектеп-гимназиясында оқу корпусын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.  № 9 мектеп-интернатында сейсмикалық күшейту жұмыстары, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

   Сондай-ақ, мегаполисте мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында қосымша сегіз жаңа мектеп пен 13 қосымша құрылыстың салынып жатқанын, бұл орын тапшылығын 80% -ға төмендетуге мүмкіндік беретіндігін атап өту керек. Осылайша, жаңа мектептер 18 мыңға жуық оқушы орнымен қамтамасыз етпек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір