«Күй тыңдайық»: қобызшы Ардақ Итекееваның орындауында Қорқыттың «Қоңыры»
01.05.2020
1524
0

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын күйші, ұстаз Еділ Басығараевтан қабыл алған Жезқазған музыка колледжінің ұстазы, күйші Бақытжан Есмағамбетов Бақыт Басығараевтың күйі «Толқынданы» орындады, Күй сәлемді ары қарай Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка колледжінің ұстазы, күйші Мадияр Сүлейменов жалғастырады.

Ардақ Итекеева Алматы каласында дүниеге келген. А. Жұбанов атындағы музыкалык дарынды балалар мектебін А.Жұмабековтің ұстаздық етуімен қылқобыз аспабы бойынша бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттык консерваториясының түлегі, осы оқу орнында аспирантураны да тәмамдады. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындагы Мемлекеттик Қазақ Ұлтаспаптар оркестрінде қылқобызшылар тобынын концертмейстері болып жұмыс атқарады. Халыкаралык жане Республикалык байқаулардың лауреаты, Қазақ Республикасы Мәдениет саласының үздігі. Эстрадалык бағытта танымал топтардың бірі «Арт Дала» тобын кұрушылардың бірі және осы топ кұрамында өнер көрсеткен.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір