ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМ
27.04.2020
716
0

Коронавирус, бұл ойламаған жерден келген дерт қой. Бізге ғана емес, әлем халықтарының басына түскен үлкен ауыртпашылық. Көңіл қуантарлығы –ауырғандар  жазылып, өз ортасымен, отбасымен аман-есен қауышуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ел тізгінін ұстаған азаматтар  осы қиын кезеңнен ел еңсесін тік алып шығу үшін қолдан келгенше жәрдемдерін тигізуде. Әсіресе, көмекке мұқтаж жандарға өтемақы беріп, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқаны – үлкен  жанашырлықтың көрінісі. Ұлттық қорға жиналған қаржы да кенеттен келген індеттен аман өтуге  айтарлықтай ықпал етті.

Президентіміз мәлімдемесінде ірі кәсіпорындарға, құрылыс материалдарын сататын кәсіпкерлерге  өз жұмыстарын  ертерек жалғастыруға  рұқсат берді. Бұл – табылған ақыл әрі дер кезінде қабылданған оңтайлы шешім. Себебі бәрі қол қусырып отыра берсе, экономиканы қалпына келтіру қиын болады ғой.

Қалай болғанда да, індеттен құтылудың барлық амалын жасап жатқан өкіметке, «үйде отырыңдар» деген бұйрыққа бағынып, сақтық шараларын бұлжытпай орындап  отырған халыққа рақмет айтуымыз керек. Дәрігерлер мен қауіпсіздік мекемелерінің қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Сабырымыз бен төзіміміз сынға түскен шақта, елдігіміз жоғалмасын.

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ, ақын

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір