«ШЫНЫ БАҒЫ»АШЫЛДЫ
07.02.2020
688
0

Кеше Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Иржи Пачинектің «Шыны бағы» чех көркем әйнегінің бірегей көрмесі көпшілікке әйгілі шебердің қатысуымен ашылды. Ашылу салтанатына автормен қатар, Чехияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рудолф Гикл қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ өнертанушылар, суретшілер, мәдениеттанушылар және көпшілік қауым келді.

Көрме Нұр-Сұлтандағы Чехия Респу­бликасының Елшілігі және Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Бұл дәстүрлі чех шыны мектебінің заманауи мысалы деуге болады.

«Шыны бағы» флора мен фаунаның экзоти­ка­лық мекендеушілері бейнеленген 30 авторлық туындыны ұсынады. Иржи Пачинек «Шыны бағында» жеке шығармашылық әлемін жасай отырып, онда сұлулық пен үйлесімділіктің басымдылығын жариялау арқылы шынайы әрі ойдан шығарылған мекендеушілерді қо­ныстандырады. Мұнда жылқы, балық, өсім­діктер әлемі қызықты қиял гүлдерімен табиғи түрде толықтырылған. Олардың үстінен ашық түсті көбелек жарқырап көрінді, кесіртке ақы­рындап ағаш діңінің жоғары жағына көтерілді. Осында аспан мекендеушілері пайда болады – айбынды қыран қанаттарын жайып, әсем қоқиқаз мойынының иілгендігін көрсетеді, тотықұс қызығушылықпен қарайды. Олардың арасындағы жалғыз мүйіз бейнесі шынайы арманның көрінісі ретінде пайда болады.

Иржи Пачинек — тек Чехияда ғана емес, сонымен бірге, халықаралық деңгейдегі әйгілі заманауи шыны өндірушілердің бірі. Оның шыныдан жасалған мүсіндері әсемдік пен көркемдікке ұйыған өзгеше әлем. Ол Цвиков, Линдав пен Кунратице қалаларындағы өзінің шыны зауыттарында үздік туындыларын жасайды, мұнда қолмен және ыстық әшекейлермен үйлесетін металл ысқырығы арқылы әйнекті үрлеудің дәстүрлі чех әдісін қолданатын 12 шебермен жұмыс істейді. Сондай-ақ, шыны зауытында әр түрлі елдердің жас шыны жасаушылары, соның ішінде Қазақстан студенттері оқиды.

«Шыны бағы» көрмесінің бірінші бөлімі Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың қазанында өткен болатын. Чехия Республикасының Елшісі Рудолф Гикл атап өткендей: «Көрме – Қазақстандағы Чехия Елшілігінің алғашқы ірі мәдени жобасы, оның мақсаты Чехия Республикасынан құнды да әдемі өнер тундыларын ұсыну болып табылады әрі бұл қазақстандықтарға бұрыннан таныс чех шыны шеберлігін ұғынуды нығайтуға мүмкіндік береді».

Журналистер сұрағына жауап берген Иржи Пачинек өзінің шыны жасауға қызығушылығы мектептегі кезінен басталғанын айтты.

Көрме 2020 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.

Екатерина РЕЗНИКОВА,

көрме кураторы

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір