«ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ»
29.11.2019
727
0

Алматы қаласында қазанның 29-ынан басталған Денсаулық айлығы бүгін өз жұмысын аяқтады.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және азаматтарды өз денсаулығын күтуге шақыру мақсатында ұйымдастырылған акция аясында 8000-дай қала тұрғыны медициналық тексеруден өтті.

Ақ халатты абзал жандар шаһарымыздың 30-дан аса шеткері орналасқан аймақтарында болып үлгерді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын да жүргізді. Мәселен, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру мен медициналық алдын-алу шараларының қажеттілігі туралы сұрақтарға жауап берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір