«Евгений Смурыгин. Сәттің әдемілігі» көрмесі өтеді
27.11.2019
825
0

2019 ж. 3 желтоқсанда сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Евгений Смурыгин. Сәттің әдемілігі» атты көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Смурыгин Евгений Владимирович – заманауи қазақстандық суретші, кескіндемеші. Өнерде шынайы көрініс, гүл натюрморттары мен сюреалистік, философиялық пен тұрмыс композицияларына арнайы назар аударады.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің, көркем-графика факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі. Евгений Смурыгин алғашқы жеке көрмесін 2006 жылы осы ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында өткізген. Көрмедегі жұмыстары халықпен жоғары бағаланған. Бұл болашақта көптеген тематикалық шығармалардың салынуына әсер еткен.

Евгений Смурыгин – суретші-романтик, суретші-ақын. Оның шығармашылық жолы орта мектепте суретшілер үйірмесінде табиғатты, қала өмірін қалт етпей бақылаудан, кейін Алма-Ата қаласының Пионерлер мен оқушылар сарайының бейнелеу өнер студиясында басталған. Әрбір жаңа туындымен сурет салудың жаңа техникасы ізделінеді, табиғи формалар толығырақ және анығырақ сезіледі, жаңа композициялық шешімдер пайда болады. 1977 суретші Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына қабалданады. Ол жерде оның мұғалімдері Журавлев Н.С., Нұрлыбеков М.А., Шредер В., Васюк В.Ф., Ильин С.С. болады. 1984 жылдан бастап Евгений қалалық көрмелерге қатыса бастайды және 1987 жылы суретшінің жобасы бойынша және оның тікелей қатысуымен Алматы қаласының Офицерлер үйінде қазақстандық батырлар, Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың тарихи мұражайы ашылған. Кейін 2013 жылы суретші шығармаларын «Процесс» көрмесінде жарыққа шығарады, ОСҮ Мәскеу халықаралық көркем салоны, Мәскеу, Ресей. Евгений Смурыгиннің туындылары Прагадағы «Yellow» және Карловы Вары қаласында «Poop» секілді галереяларда қойылған, және АҚШ, Англия, Франция, Германия, БАЭ, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Жапония мен Индонезия елдерінің жеке көрмелерінде орын алады.

Табиғатты, оның тынысы мен өмірін суретші пастозды стильде суреттейді,  палитрамен араласып, қала мен таудың флорасының әртүрлілігін кеңінен бейнелейтін фактуралық жарқын бояуларды пайдаланады. Қала көшелері осыдан он жыл бұрын біздің алдымызда тұрған бейнеде, өзінің әдеттегі ағымында пленэрлік этюд жұмыстарында бейнеленген. Оның лирикалық әйел портреттері, керісінше, өте жұмсақ, нәзік, селдір пердемен жауып қойған секілді салынған. Ол өз шығармаларында біздің қоғамымыздың болмысы мен мәселелері жайлы, тарихи және әлеуметтік тақырыптар туралы ой қозғайды, көрермендерді карнавал және мистикалық жарқын қиял әлеміне шақырады.

Сәттің әдемілігі, мәңгіліктің әдемілігі. Әрбір сәтте кішкентай өмір бар, эмоциялық екпінде немесе жанға батқан оқиғада сәттің жылы және дыбысты естелігі қалады. Бір сәтте көп нәрсе орын алады және ол өмірдің әдемілігі. Суретшінің бақыты дегеніміз ол сол сәттің жарқындығын өзінің кенебіне түсіре алатыны. Суретшінің қылқаламына бәрі бағынады. Қала әлі ұйқыға оранған кезде таңның атуын бейнелейді. Жылы бояулар шүйгін жапырақтардың реңктері мен түйіршікті дымқыл асфальттың суық бояуларымен қақтығысқаны, ашық қызғылт пен күлгін түстері таңғы күн шұғыласы мен жаңа жазғы күннің тууын бейнелейді. Таулардың әсем шыңдары арқылы көрермен жартастардың қара сызықтарымен қарама-қайшы келетін ультрамарин мен кобальт түстерінің тығыз кенепке түсірлгендері арқасында ауаның салқыны мен сергектілігін сезінеді. Суретші осы сәттің жаратушысы, өмір жаратушысы және, жеке сезімдер мен туған жердің образдарының романтикасына қаныққан, туындыгер.

 

Гафура КАИРБЕКОВА – көрме кураторы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір