Шайырлар шаһарына айналған Шымкент
26.11.2019
650
0

«Шымкент – Қазақстандағы поэзия қаласына айналу керек», – деп бастама көтерген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы қазақтың маңдайалды ақындарының сөздерін қала көшелеріндегі билбордтарға шығарып, қалаға рухани тың серпіліс берді.

Бұдан бұрын жарқыраған жарнамалар тұратын орындардың әп-сәтте әдебиет өкілдерінің суреттерімен толыққаны көңілге қуаныш ұялататыны сөзсіз. Атам Қазақ «Ақынын іздеген ел – бақытты» деген асыл сөзді осындай игі іс істеген азаматтарға қарата айтса керек-ті.

«Қазір ел бір күндік ұғыммен өмір сүруге дағдыланып кетті. Ал өлең деген – өміршең қазына, поэзия – мәңгілік құндылық. Оның үстіне, көбі қазір қандай ақындардың бар екенін біле бермейді. Сондықтан қала әкімі Ерлан Қуаныш­ұлының бастамасымен қазақтың қасиетті қара өлеңінің сәулелі сабақтастығын көрсету мақсатында Махамбет, Абайлардан бүгінгі жас ақындарға дейінгі, барлығы 85 ақынның өлеңін билбордтарға орнаттық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Абай саябағынан Поэзия үйін ашып жатырмыз. Ақындарды шақы­рып, жұма сайын кездесу ұйымдастырып тұрсақ деген жоспар бар», – дейді Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы басшысы Жанар Бектаева.

Ал біз бұл бастама шырайлы Шымкент шаһарынан бастау алып, ары қарай рес­пу­бликамыздың түкпір-түкпірінде жалға­сын табар деген ізгі үмітте екенімізді жасыра алмаймыз .

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір