СӨЙЛЕСІП ТҰРҒАН АДАМЫҢНЫҢ ОЙЫН ОҚЫП БЕРЕТІН ҚҰРАЛДЫ ОЙЛАП ТАПСАМ-АУ
26.11.2019
1475
2

«Пруст сауалнамасы» vs «Қазақ әдебиеті»

Сауалнама қонағы – ақын Бақытгүл БАБАШ

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?

– Адалдық.

– Ер азаматтың басты қасиеті ше?

– Шыншыл болу.

– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?

– Әйел боп және ақын боп жүру, жарығым,

Азап пен бақыт тоғысқан жолдар торабы…

– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?

– Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі бала күнімнен санамда сақталып қалған.

– Ең басты кемшілігіңіз не?

– Басқалардың көңіліне көп қараймын деп өзімді ұмытып кете беремін.

– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Көшеде, көлікте мағынасыз жүремін және сол маған ұнайды.

– Өмірге екінші рет келсеңіз, кім болуды қалар едіңіз?

– Қанатсыз-ақ қалық­таудың қандайын

Көрсетер ем,

Е, дүние, тар боп шықты маңдайым!

– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?

– Қиял-ғажайыптар елінде.

– Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?

– Мазамды алмай мына өмірдің мұңы түк,

Жан азамды ұмытып,

Армандарды, аспан жаққа жерлеген

Қайтара алсам ғой жерге мен!

– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?

– Жүрегім ақылыма бағынбай кететін кездерде.

– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?

– Құдайға сену.

– Егер өнертапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар едіңіз?

– Сөйлесіп тұрған адамыңның ойын оқып беретін құралды.

– Не нәрседен жиіркенесіз?

– Жалған күлкіден, жасандылықтан.

– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?

– Әрине, Сталин.

– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?

– «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен».

– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?

– Өмір деген аяу білмес аяр ма ед?

Көптен бері көрінбеді көзімде от.

Жан біткенге жүрегімді жаям деп,

Жылап қалған кезім көп…

– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?

 – «Әсемпаз болма әрнеге,

өнерпаз болсаң, арқалан».

– Қазіргі адамдардың бойынан қандай қасиеттер жоғалып барады?

– Шынайылық.

Жаным жарқын жақсылықты аңсап бір,

Кірпігімнен үзіледі моншақ құр.

Жалғанымның бетпердесін ашып ем,

Жан-жағымды аш бөрілер қоршап тұр…

– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім? Мықты жазушысы ше?

– Бәрі мықты. Төрелігін мәртебелі уақыт айтады.

– Жас қаламгерлердің бойынан қандай артық­­шылықтар мен кемші­ліктерді көріп жүрсіз?

– Жастыққа бәрі жарасымды. Бір-ақ бірақ: тым жаһанданамыз деп қазақтың қарапайым қара өлеңінің құнын түсіріп алмасақ екен.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 06.12.2019 | 08:32

Керемет,ақылды сұқбат, шынайы жауап, Бақытгүл шабыт шалқысын!!!

Аноним 10.12.2019 | 05:19

ЖҮРЕГІҢІЗДІ АҚЫЛЫҢЫЗҒА БАҒЫНДЫРҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС БОЛАР ЕДІ. ЖАСЫҢЫЗ ДА ОРТА ЖАСҚА КЕЛДІ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір