«Түркі жазуының негіздері»
06.11.2019
821
0

Қазанның 25-і күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық универси­тетінде, Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы мен латын ғылыми-практи­калық орталығы, фило­логия және көптілді білім беру институтының бірлесіп ұйым­дас­тыруымен «Түркі жазуының негіздері» атты халықаралық конференциясы өтті.

Конференция барысында Түркі елде­рінің латын әліпбиіне көшу тәжірибе­сін зерттеу, оның лингвистикалық аспек­тідегі тиімді-тиімсіз тұстарын, қолайлы-қолайсыз жағдайлары мен оң-теріс әсерлерін анықтау мәселелері талқыланды және Түркі бірлігі үшін ортақ әліпбидің мәні аса зор екеніне назар аударылды. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ-дің филология және көптілді білім беру институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы бүгінгі түркологияның өзекті мәселелері, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін, түркі жазба ескерткіштерін бірлікте қарастыру керектігі жайындағы кіріспе сөзбен ашты. Конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек, түркиялық ғалым, Мұғла университетінің докторы, профессор Мехмет Өнал, филология ғылымдарының докторы, прфессор Д. Ысқақұлы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ түрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі, «Kırkalerı» университетінің профессоры Бүлент Байрам, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ф.Оразбаева, «Kırşehir Ahi Evran» университетінің докторанты, ҚазҰПУ-дың шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушысы Osman Kabdayi баяндама оқыды. Ыстамбұл университеті қоғамдық ғылымдар институтының түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранты, түрколог Махмұт Доғұ өз нұсқасындағы латын графикасымен «Жаңа қазақ әліпбиі» жобасын таныстырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір