Жасанды идеялар өткінші жаңбыр секілді
25.10.2015
1934
0
Дамыған елдерде науқаншылдық деген індет жоқ. Өйткені, өркениетті елдер кез келген шаруаға прагматизм тұрғысынан қарайды және олардың қолға алған істері қашан да нәтижелі болады. Біздегі науқаншылдықтың тамыры большевиктік үгіт-насихат жүйесінде жатыр.

750521_985925261__________________________Дина ТӨЛЕКОВА,
журналист

Ол заманда билікке енді келген большевиктер «кәмпеске», «репрессия», «5 жылдық жос­пар», »партия қатарының тазалығы» сияқ­ты уа­қытша науқаншылдық ком­па­ния­лар­ды көп жүргізді де, кейін ол мемлекеттің идеологиялық саясатының меха­низм­­іне айналды. Міне сол дерттен біз әлі де айыққан жоқпыз. Науқаншылдық деге­німіз – жалған ұран, көпірме сөз, нә­тижесі нөл, пайдасы жоқ бос дабыра. Отандық  БАҚ-тағы саны көп, са­пасы жоқ материалдар, жер-жерде болатын «есеп» үшін болатын жиындар халықты әб­ден жалықтырды. Себебі, халық мұның на­ғыз науқаншылық екенін баяғыда-ақ түсінген. Демек, оның елге еш пайдасы жоқ? Мәселен, үдемелі индустрия­ық-инно­вациялық бағдарламаны алайық. Жыл сайын республикалық арналарда тікелей эфир арқылы өтетін телекөпірде «алақайлап» талай зауыттың тұсауын кестік. Сөйткен, жо­ба­лардың барлығы іске асты ма?.. Ақтау­дағы «Аққу» планшеті зауыты дайын өнімді Қы­тайдан алғаны анықталып, масқара бол­дық? Қара­ғандыдағы «ұшақ жасау» зауыты ше? Сол зауытта жасалған үшақ екі рет ұшып, іске жарамай қалған. Шымкенттегі мақ­та-мата шығаратын «Окси» зауыты бір­не­ше жыл жұмыс істемей бос тұрды. Биатон шы­ғаратын зауыт та іске қосылмай жатып тұра­лап қалды. Сол сияқты, қағаз жүзінде ашыл­ды деп жарияланып, іс жүзінде бір күн де жұмыс істемеген қаншама компаниялар бар. Ал соларға мемлекет бюджетінен қан­ша­ма ақша аударылды?! Егер сол кәсіпо­рын­дар жұмыс істесе, экономикамыз әр та­рап­тан­­дырылып, біздің бюджет мұнайдың ба­­­ға­сына тәуелді болмас еді ғой. Демек, бұл істе де көрер көзге жақсы жағынан көрінуге негізделген лепірме науқан­шылдық басым болды. Үдемелі индус­триялық-инновациялық бағдарламаны сөз етсе, ел мазақ етіп, күле қарайтын дәрежеге жетті.
Науқаншылдықтың бізге пайдасы жоқ. Әр адамның, ол мейлі кәсіпкер болсын, мей­лі егінші болсын, мейлі сақшы, мейлі дәрігер бол­са да өз ісіне сыртқы күштердің әсерінсіз, шы­найы адалдықпен атқарылмаған іс еш нә­тиже бермейді.  Іші қалтырап, сырты жал­ты­раған жасанды әрі арзан негізі жоқ идеялар өткінші жаңбыр секілді. Бір құйып өтеді, бір сәтке шаңды басар, бірақ топырақта нәрі қал­майды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір