«Біздің таңдауымыз – жеке және мемлекеттік серіктестік»
24.10.2015
2571
0
image description

image description

Қанатбек ДОСАЛИЕВ,
заң ғылымдарының докторы,
Жаңа технологиялар колледжінің директоры

Өңір басшысы Оңтүстікте индустриялық-инновациялық бағдарламаны дамытуға айрықша назар аударуда.

Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуы ең әуелі әрбір азаматтың санасын өзгерту қажеттігін білдіреді. Яғни кешегі масылдықтан, жатыпішерліктен бас тартып, белсенді өмір позициясына ауысу уақыт талабына айналды. Осы тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты идеясы қысқа мерзім ішінде өзінің өміршеңдігін көрсеткені талас тудырмайды. Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталғандықтан, бұл елімізді әлемнің ең үздік әрі дамыған елдерінің қатарына жетелейтін бірден-бір идеологияға айналғаны сөзсіз.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идея қатардағы бастама емес, мем­лекеттік және қоғамдық құрылымдар, әр Қазақстан азаматы үшін ұлттық тренд бо­­лып табылады. Осы стратегиялық құ­жат еңбек, білім, жастар саясаты, ден­сау­лық сақтау, тұрғын үй сияқты қоғамның маңыз­­ды және өзекті жақтарын қамтиды. Түп­теп келгенде, Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ғамы – бұл Қазақстанның жаһандық дағдарысқа берген жауабы. Өйткені, алып-сату арқылы жоқтан мал тауып баюу­дың заманы өтті, енді ақ ниет, адал ең­бек заманы туды.
Жас кадрларды, білікті мамандарды тәр­биелеу ісінде біз осы идеяларды бас­ты ұстаным ретінде назарға алдық. Жал­­пы, біз осыдан бірер жыл бұрын кол­лед­ж­де модернизациялау жұмыс­та­рын бастадық. Нәтижесінде, оқу орнында бі­лім беру сапасы жылдан-жылға артып ке­ле жатқаны байқалады. Бүгінде об­лыс­тың қажеттілігін ғана өтеп қоймай, тұтас мем­лекетімізді де бәсекелестікке қа­бі­летті, білікті кәсіби мамандармен қам­ту­да­мыз. Сол мақсатта халықаралық серік­тес­термен жұмыс жасаудамыз. Ел­­ба­­сының бүгінгі таңда бізге қойып отыр­ған талабы – еліміздің кол­лед­ж­де­ріндегі білім сапасын дүниежүзілік ал­дың­ғы қатарлы ар­нау­лы оқу орындарының дә­режесіне кө­теру. Яғни біз даярлаған ма­мандар қай ел­ге барса да сұранысқа ие болатындай бі­лікті, бәсекеге төтеп бе­ріп, қиналмай жұ­мыс істей алатындай кә­сіби маман болуы керек. Колледжге жүк­телген мін­дет осы! Сондықтан білім са­пасын жақ­сарту үшін, әсіресе, тех­ни­ка­лық маман­дар­ды әзірлеуде дуальдік жүйе­ні ен­гі­зуіміз қа­жет. Ол қалай жүзеге аса­ды? Оның қан­дай формалары бар? Ха­лықаралық жүйе­лермен үйлесімі қан­дай болуы керек? Дуальдік оқыту жүйесін Германиямен, Франциямен, Швейцариямен, Сингапурмен, басқа да дамыған ел­дердің қа­лыптасқан білім сапасымен сәйкес­тен­діріп енгізгеніміз абзал. Дегенмен, біз дуальдік оқыту жүйесін өзгер­мей­тін бір қағидаға негіздеп алсақ қа­те­ле­семіз. Аталған жүйенің білім берудегі әдісте­мелері бірнешеу болуы мүмкін. Ол үшін не керек? Қазіргі жағдайда арнаулы кә­сіптік техникалық оқу орындарының қо­салқы оқу өндірістік кешендері болғаны дұ­рыс. Ол облысымыздың жекеменшік кол­ледждерінің кейбірінде ғана бар. Рас, оның орнын әлеуметтік серіктестермен ке­лісімшарт жасасып, өндірістік базаға қол жеткізу арқылы толтыруға болады. Оның екі жолы бар. Біріншісі – мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетіп, оқу-өндірістік база жасақтап беру. Екін­шісі – Елбасы айтып жүрген әлеуметтік се­ріктестік тәсілімен жеке және мем­ле­кет­тік серіктестікті дамыту негізінде құру. Өзіңіз білесіз, Мемлекет басшысы білім берудің ұлттық моделін жасауды тапсырды. Бірақ дәл қазір мынау білім берудің ұлт­тық моделі деп тап басып айтып, көр­сетіп беру мүмкін емес. Өйткені, әлемдік тә­жірибе көрсеткендей, ұлттық модель 10-15 жылда қалыптасып бітеді. Сон­дық­тан біз осы екі нәрседе қателеспеуіміз ке­рек. Ал біздің таңдауымыз – жеке жә­не мемлекеттік серіктестік.
Бүгінгі таңда елімізде жеке және мем­лекеттік серіктестік ретінде құрылған кә­сіпорындар табысты қадамдарымен көзге түсіп жүр. Дәл осы формуланы арнайы орта білім беру саласында да қол­дануға әбден болатынын дәлелдедік. За­ман талабына сай білім беру мақса­тын­да атқарылып келе жатқан жаңғырту жұ­мыстарының негізгі бағытының бірі – оқу орнының жанынан құрылған «Өрлеу – Сапа» оқу-өндірістік бірлестігі. Бұл Елбасы міндеттеген екі мәселе – дуальдік оқыту жүйесін енгізу және оның ұлттық моделін қалыптастыру, ел экономикасын ілгерілетудегі жеке және мемлекеттік серіктестікті дамыту. Осы мақсатта кол­ледждегі бірнеше әріптестеріміз бірігіп, ортақ қаражатымызға 15 гектар жер ал­дық. Сол жерде құрылысқа қажетті бе­тон­дар, газоблоктар, есік-терезелер, жаяу жүргіншілер жолдарына арналған төсеніс түрлерін шығарып, асфальт зауы­тын орналастырмақпыз. Бұдан біз не ұта­мыз? Біріншіден, «Өрлеу – Сапа» бір­лестігі колледждің оқу-өндірістік базасы болып қалыптасады. Расын айту керек, бүгінде еліміздегі арнаулы кәсіптік тех­никалық оқу орындарының материалдық базалары өте төмен. Көбінде тіпті өзде­ріне тиесілі шеберханалары да жоқ. Олар амалсыз өздері қалаған емес, келіскен кәсіпорынмен уағдаласып, студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізуге мәжбүр. Біз де жыл сайын кемінде 80, кейде 100 кәсіпорынмен келісім-шартқа отырамыз. Солай студенттерімізді практикаға жі­бергенімізбен оларды бұлай қадағалау, кәсібилігін шыңдау, оған көз жеткізу қиындау. Сондықтан өзіміз жасаған жүйе бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы он колледжіне енген мамандықтарымызды бір жерде топтастырдық. Олар құрылыс, экология, электрмен қамтамасыз ету ж­ә­не бағдарламашы мамандықтары. Бұлардың барлығы да өзіміздің өндірістік кешенімізде тәжірибеден өтеді. Ал кә­мелет жасқа толғандарға заң талаптары­на сай келіп жатса, жұмыстарға орналас­тырып, еңбек кітапшасын ашуға кө­­мек­­тесеміз. Бұл толық кәсіби білікті маман даярлауға жасалған жағдай. Соған сай болу үшін статусымызды Жо­ғары колледж дәрежесіне өзгертіп, үш деңгейде маман даярлауға көшудеміз. Біріншісі, жұмысшы кәсібін даярлайтын оқу бағдарламасы – 2 жыл. Екіншісі, кол­ледж деңгейінде оқыту – 1 жыл. Үшіншісі, өз мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнының бағдарламасына сай білім беру – 1 жыл, 10 ай. Сонда 9 сыныптан кейін бізге келген талапкер 4 жыл 10 ай оқып, өз ісін жақсы меңгерген білікті маман болып шығады. Жоғары дәрежелі маман­да­рымыз бен болашақ кадрлардың қа­тысуымен жасалған бұйымдар саты­лым­ға шығарылып, одан түскен табыстар есе­бінен еңбектеріне қарай жалақы тө­лей­міз. Ал әріптестеріміз қосқан қар­жы­лық үлестеріне сай дивиденттерін алады. Елбасымыз айтып жүрген дуальдік оқыту жүйесінің ұлттық моделін қалыптас­тыру­дың, жеке және мемлекеттік серіктестікті да­мытудың басты қағидасы осы. Бірақ бізге осы тұста қаржылық қолдау қажет болып тұр. Өйткені, шағын зауыттардың қондырғыларын алып келіп, орнатып, өндірісімізді іске қосу үшін қаражат таппай отырмыз. Мемлекет тарапынан осын­­дай жүйелі жұмыстарды демеу мақ­сатында қомақты қаржы қарастырылса дұрыс болар еді. Банк арқылы несие берсе, пайыздық өтемі жоғары… Сон­дық­тан колледждерге арнайы бағдарлама ашып, төменгі пайызбен берсе, жоспары­мыз толық жүзеге асар еді. Біздің жасап жат­қанымыз білім берудің ұлттық модуліне сай келеді. Тек өндірісіміз то­лық өзін-өзі ақтағаннан кейін ғана «біз білім берудің қазақстандық моделін қа­лып­тастыра алдық» деп айтатын боламыз.
Қаржылық қолдаудан кейін шешімін таб­уы тиіс екінші мәселе – жергілікті би­лік тарапынан жеке және мемлекеттік се­ріктестікті құрылыс нысандарын салуға қатыстыру. Мысалы, «Өрлеу – Сапа» оқу-өндірістік бірлестігі секілді базасы бар оқу орнына үйлер, ғимараттар салу, мұ­най-газ, гидромелиорация саласын­да­ғы құрылыстарды берсе, мемлекет екі жақ­тан да ұтады. Біріншіден, мемлекеттік тапсырыстарды жеңіп алып, арзан, арнайы білімі жоқ жұмысшылардың көмегі­мен сапасыз құрылыс жүргізетін жеке­мен­шік кәсіпорындардан арылады. Олар­ды біздегі жоғары дәрежелі кәсіби мамандар алмастыра алады. Екіншіден, құрылыс процестеріне қатыстыру арқылы елі­мізге қажетті білікті мамандарды өн­дірісте шыңдай аламыз. Үшінші мәселе – колледждерді сенімді басқаруға беру. Егер колледж жанынан құрылған «Өрлеу – Сапа» оқу-өндірістік бірлестігіне өтсе, онда аталған жеке шағын серіктестіктің табыстарының есебінен оқытушылардың айлық жалақыларынан бастап, әлеумет­тік жағдайларын жақсартуға, оқу орны­ның материалдық базасын нығайтуға болар еді. Үлескерлер колледж ұжымы болған­дық­тан бәріміз «Өрлеу – Сапаның» өркен­деуіне мүдделіміз. Ортақ қаражаты­мызға ал­ған жерде құрылыс бұйымдарын шы­ғару­дан өзге жылыжай жұмыстарын жан­дандырсақ дейміз. Онда экология мамандарын дуальдік жүйемен оқытатын боламыз. Түрлі салада мамандар даярлаумен қатар өндірісі өр­кен­деген коллдеж мемлекетке қол жаймас еді. Бір сөз­бен айтсақ, «Өрлеу – Сапа» оқу-өн­діріс­тік бірлестігі – дамуымыздың кепілі. Бұл – Елбасы үнемі айтып жүрген жеке жә­не мемлекеттік серіктестікті дамыту, ел экономикасын көтеру.
Біздің жергілікті тораптық телестудия­мыз, баспаханамыз, колледжішілік га­зе­тіміз бар. Енді міне, елге тарайтын «Жаңа серпін» журналын шығарып отырмыз. Бә­рін өзімізде дайындап, өзіміздің бас­па­ханамыздан басып шығарамыз. Біз­дің деңгейіміздегі еліміздің алдыңғы қатарлы орта арнаулы оқу орындарында осылай бол­уы керек. Ал журналды не үшін шыға­ра­мыз? Мақсатымыз – жаңа ғана айтқан тың бастамаларымызды, алдағы жоспарларымызды уақытылы жұртқа жария ету, елге есеп беру, көппен кеңесу, пікірлер мен ұсыныстар алмасу. Журнал бетінде Елбасы саясаты, елімізде болып жатқан білім саласындағы реформалар және өзіміздің атқарып жатқан жұмыстарымыз, олардың нәтежилері жарық көретін болады. Бұл басылым ең алдымен серіктес­тер­мен, ата-аналармен колледж арасын жал­ғайтын байланыс құралына айналуы тиіс. «Жаңа серпіннің» бас құрылтайшысы колледж жанынан құрылған «Өрлеу-Сапа» оқу-өндірістік бірлестігі». Біз мынадай бәсекелестік өте жоғары ақпараттық жаңа технологиялар заманында уақыт ағы­мынан қалып кетпеуіміз керек. Егер ілесе алмай қалсақ, ешкімге керегіміз болмай қалуы мүмкін. Сондықтан журналда кәсіби мамандар даярлау жолдары, білім саласындағы жетістіктер мен реформалардан өзге оқырмандарға ма­мандардың пайдалы кеңестерін ұсынып, әлеуметтік серіктестіктер туралы материалдар, тарихи-танымдық, әдеби көркем туындылар жарияламақ ниеттеміз. Ата-аналар мен жастарға қажетті тәрбие құралына айналдырсақ дейміз. Осы журнал арқылы дуальдік оқыту жүйесін же­тіл­діруде Елбасы айтқан білім берудің ұлт­­тық моделін қалыптастырып жатқа­ны­мызды жұмыстарымызбен дәлелдегіміз келеді. Мысалы, Мемлекет басшысы Ұлт жос­парында міндеттеген оқу орындарын­да үш тілде, оның ішінде ағылшынша оқы­туды біз бұдан біраз бұрын қолға алып қойғанбыз. Колледжде алматылық «Otrar Education» жеке шағын серіктестігі­мен бірлескен жоба аясында жасалған оқу бағдарламасымен 4 топта 60 студент ағылшын тілінде өз мамандықтарын терең­детіп білім алуда. Оларға АҚШ-тың жо­ғарғы оқу орындары Калифорния, Сол­түстік және Оңтүстік Каролина универ­ситет­терінің түлектері – білікті мамандар дә­ріс оқиды.
Заман талабына сай елімізге қажетті кәсіби білікті мамандарды даярлау ісінде әрқашан басты роль оқытушы болып қа­ла береді. Ол сонымен қатар, уақыт талабына сай ізденуші, шәкірттері алдында тәрбиеші, психолог бола білуі тиіс. Колледжде жоғары квалификациялы кадрлар жұмыс істейді: 1 ғылым докторы,
6 ғылым кандидаты, 37 магистр оқытушы­лықпен айналысса, ұжымның 52 пайызы жоғары санатты және бірінші дәрежелі ағарту ісінің мамандары.
«Кәсіпқор» холдингімен бірлесе әре­кет етудің нәтижесінде колледж бас­шы­лығынан бастап, оқытушыларымыз кә­сіби-техникалық және жоғары білім беру жүйесіне сай оқу бағдарламаларының жаңа принциптері мен әдістемелері бойынша біліктілік курстарынан өтуде. Шетелдерде, оның ішінде Белоруссияда бі­лік­тіліктерін жоғарылатуда. Астанада да оқып жатыр. Жалпы, жоғары көрсеткіш­терге негізделген оқытушы-кадрларды даярлау талаптары инновациялық өрлеу­ге жасалған қадам болып табылады. Оның өзге курстардан ерекшелігі формасында ғана емес, маңызы тыңдаушыларды же­келеген бағдарламалармен жұмыс жа­сауға, өз бетімен білім алуға бейімдей­тіндігінде. Бұл кәсіби-техникалық және жо­ғары білім беру жүйесінің негізін тү­сі­нуге, үйренуге және Қазақстан кол­ледж­дерінде кәсіби білім беру мекемелерінің тәжірибелерін ендіруді талқылауға, инновация тәсілдерін меңгеруге, енгізуге, дә­ріс әдістерін игеруге көмектеседі.
Мемлекет басшысы өзінің сайлау-алды бағдарламасында жария еткен елі­мізді жаңғыртуға бағытталған бес исти­туционалдық реформаны жүзеге асыруда білікті мамандарға иек артатыны әмбеге аян. Болашағымыздың баянды болмағы білімде екендігін меңзеген Ұлт Көшбас­шысы соның дәлеліндей «100 нақты қа­дам» бағдарламасында аталған мәселеге айрықша ден қойды. Ұлт жос­парының 77 қадамында елімізде индустрияландыру және экономикалық өсімді арттыру мақ­са­тында алты негізгі сала бойынша он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеуді тапсырды. Сол алдыңғы қатарлы орта арнаулы он оқу орнының бірі – Жаңа технологиялар колледжі. Елі­міздегі 800-ге жуық колледж арасынан біздің орта арнаулы оқу орнының үздіктер қатарында таңдалып алынуы тегіннен тегін емес. Бұл біздің ұжымға артылған се­нім әрі жүктелген үлкен жауапкер­шілік.
Ақпараттық технологиялар заманында кеше жасаған дүниең ертең ескіріп қа­лып жатады. Өйткені, бәсекелестік қар­қыны өте жоғары. Келесі бір кәсіпорын жаңадан ойлап табылған бұйымды одан әрі жетілдіріп жасап, жұртқа ұсынуда. Таң­дау құқыңызды пайдаланып, соңғы шық­қан, жетілген түрін алуға ұмтыласыз. Бұл тек бұйымға ғана емес, соны өнді­ріс­тік орындарында дайын өнім етіп шыға­ра­тын мамандарға тікелей қатысты. Сол тараптан қарағанда колледж әлеуметтік серіктестерінің талаптарына сай мамандар даярлауға ұмтылады. Өндіріске бейім мамандарды әзірлеуді оқытудың тиімді бағдарламаларын жасайтынымыз сон­дықтан. Жалпы, біздің колледж ғана емес, келешекте барлық орта арнаулы оқу орындары осы жүйемен жұмыс жа­сау­ға көшулері тиіс. Бұл – уақыт талабы. Одан айналып өте алмаймыз, ешқайда ке­те алмаймыз. Дамыған мемлекеттердің колледждері осылай бірлесіп жұмыс іс­тейді.
Еліміздің алдыңғы қатарлы 10 коллед­жінің бірі ретінде біз «Кәсіпқор» холдин­гінің талаптары бойынша жұмыс жасаймыз. Холдинг ұсынған оқу бағдарла­ма­лары шетелдік әріптестерімізбен бірігіп, ха­лы­қ­аралық деңгейдегі стандарттар негі­зін­де түзілген. Соны әлеуметтік серік­тес­те­рі­міздің талаптарына бейімдеп, сұра­­ныс­тарға сай кәсіби мамандар даярлап шы­ғамыз. Бұл жердегі басты ерек­ше­лік – бұ­рын жұмыс беруші өзіне қажетті мамандарды оқуын бітірген соң таңдап ал­са, мұнда әлеуметтік серіктестеріміз та­лап­керлер студент атанғаннан бастап, «мы­нау-мынау біздің мамандарымыз» деп иемденіп, бірінші жылдан бастап-ақ олар­ды өздері қадағалайтын болады. Өйт­кені, олар жұмыс берушілердің кә­сі­п­орындарында өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Басты қағида мәні осында! Бұл Ел­ба­сының күні кеше Қазақстанның Дүние­жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру келіс­сөз­дерінің нәтижелі аяқталуына бай­ла­нысты халыққа арнаған үндеуінде өндіріс орын­дарымыздың бәсекелестікке төтеп бере алатындай болуы керектігін ескертті. Со­ған лайық болуға, сынақтан сүрінбей өту­ге шақырды. Міне, сол талаптар үде­сіне шығу міндеті уақыт ағымына сай тез бейімделгіш кәсіби мамандарға артылайын деп тұр. Бұл тұрғыда біздің дуальдік оқы­ту бағдарламамыз кәсіби маман даяр­лаудың тиімді тәсілі.
Заман талаптарына сай мамандар даяр­лау мақсатында шетелдік әріп­тес­терімізбен халықаралық жобаларды бір­лесіп атқарудамыз. Мүмкіндігімізге қа­рай өзімізден жоғары тұрған мемле­кет­тік органға ұсыныспен шығып жатамыз. Жаңа технологиялар колледжі бір­қа­тар халықаралық жобалармен жұмыс жа­сайды. Кембридж аймақтық колллед­жі­мен бірлескен «2+2» жобасы аясында сту­денттеріміз шетелде Британдық бағ­дарламамен оқып, Британ квалификация­сын иемдене алады. Екі жыл Шымкентте, екі жыл Кембриджде оқиды. Бүгінде 7 студентіміз Англияда оқып жатыр.
Білім беру қызметінің сапасы СТ РК ИСО 9001-2009 «EUROASIA MS» және ха­лы­қаралық AFNOR француз ассоциа­ция­сының ИСО 9001:2008 талаптарына сай. Колледждің өнімділік сапа жүйесін енгізу тәжірибесі 2010 жылдың 19 наурызында Рес­публикалық оқу орындары директор­ла­рының кеңесінде қаралып, техникалық және кәсіби білім беру жүйесі бойынша ҚР Білім және ғылым министр­лігінің жо­ғары бағасын алған.
Жалпы, шетелдерде ЖОО-ларға қара­ғанда колледждерге деген сұраныс жо­ғары. Соңғы кезде бізде де сондай бет­бұрыстар байқалуда. Өйткені, мемлекеттің экономикалық қозғаушы күші, дамытушы локомотиві – шағын және орта кәсіпкер­лік. Елбасының шағын және орта кәсіп­кер­лікті дамытуға ден қойып, үлкен қол­даулар білдіріп жүргені сондықтан. Ал кә­сі­би мамандарды біздікі сияқты орта ар­наулы оқу орындары даярлайды. Университеттер ғылыммен айналысады.
Біз бітірушілерімізді колледжден кейін де назардан тыс қалдырған емеспіз. Өзі­міз жүргізген мониторинг деректеріне сүйенсек, студенттеріміздің 98,9 пайызы оқуын мамандығы бойынша бітіріп шы­ғады. Оның 95 пайызы жұмысқа орналасады. Жалпы, мамандардың кәсіби да­йын­дығы мен өз квалификациясын игеру көрсеткіші – 98 пайыз. Бүгінге де­йін кол­леджді 30 мыңнан астам маман тәмам­дап, облыс және республика аумағында мекемелер мен өндіріс орындарында өнімді өз саласының білікті мамандары қатарында өнімді еңбек етуде.
Айта кетерлігі, Оңтүстіктің экономи­ка­лық даму саласындағы оң өзгерістер ерек­ше қуантады. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов әсіресе индустриялық-ин­но­вациялық дамуға айрықша назар аударуда. Жуырда оның Түркістан мен Кентау қалаларына арнайы іс-сапармен барып, осындағы индустриялық аймақтардың жұ­мысымен етене танысуы, Оңтүстікке шетелдік инвесторларды көптеп тартуға басымдық беруі құптарлық іс. Өйткені, бұл жаңа жобалардың жүзеге асырылатынын, демек жаңа жұмыс орындардың ашы­латынын білдіреді. Әсіресе, Бейбіт Бәкірұлының бұған дейін бірнеше рет сынға іліккен нысандардың жағдайын тексеріп, жергілікті әкімдер тарапынан барынша қолдау көрсету қажеттігін қа­дап айтуы аудандарда индустриалдық-ин­новациялық дамудың жаңа кезеңі бас­талғанын айғақтайды. Жалпы, біздің өл­к­еміз үшін заман талабына сай әрбір инновациялық бастаманың маңызы зор. Сондықтан соңғы айларда Оңтүстікке Ма­лайзия, Германия, Польша елдерінің делегациялары, Канаданың елшісі келіп, көп­теген бірлескен жобаларды іске асыру жайлы келіссөздердің жүргізілуі облыс экономикасының бәсеге қабілеттілігін арттыра түсері сөзсіз. Бүгінгі таңда Оң­түстік Қазақстан облысы аймағында жал­пы құны 52 миллиард теңгені құрай­тын, неміс инвесторларының қаржысы есебінен 3 жоба жүзеге асырылып жатыр екен. Ал поляк бизнесмендері Оңтүстікті Орталық Азия өңіріндегі базалық алаң ре­тінде қарастырып отыруы облысымыз­дың зор инвестициялық әлеуетін паш етті. 23 қазанда Шымкентте өтетін ІІ Ха­лық­аралық инвестициялық Форумның өтетіні, оған әлемнің көптеген елдерінен ин­весторлардың келетіні біз үшін үлкен мүм­кіндік. Ал Малайзия елі өкілдерінің өңі­рімізде әлемдік деңгейдегі техникалық кол­ледж салуға ниет білдіруі тек облыстық емес, бүкіл республикалық білім саласы үшін маңызы жоғары бастама екені талас тудырмайды. Әрине, осындай жағымды жаңалықтар баршамыздың жарқын бо­лашаққа деген үмітімізді арттыра түсе­ді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір