Жазушының екі жинағы
24.10.2015
1570
0

540118_1524459803____________________2_____________Жақында жазушы Толымбек Әбдірайымның «Атамұра» баспасынан «Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен «Дала әуені» атты әңгімелер, ертегілер мен мысалдар жинағы және Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Бұралаң жол» деп аталатын әңгімелер, повесть, эсселер кітабы жарық көрді.
Есімі жас оқырмандарға жақсы таныс, белгілі балалар жазушысының «Дала әуені» жинағына мөлтек әңгімелері, қиял қанатына ілестіретін ертегілері мен мысалдары және повесі енген.
«Атамұра» мектеп кітапханасы былтырғы жылы хәкім Абайдың, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің, көрнекті қаламгерлер Мұзафар Әлімбаевтың, Тұрдақын Жексенбайдың, Сұлтан Қалиұлының, Кәдірбек Сегізбайұлының кітаптарын шығарған болатын.
Т.Әбдірайым «Бұралаң жол» жинағына бүгінгі замандастарымыздың тағдыр-талайын, тыныс-тіршілігін арқау еткен. Ал әдеби эсселері де өзінің шынайылығымен һәм сыршылдығымен оқырман жанын баурайтыны анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір