«Ал екінші бақытым – тілім менің»
12.04.2019
1248
0

Бексұлтан Нұржеке-ұлы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Бұл – Мұқағалидың сөзі. Бірінші бақыты – халқы. Халқы болса, тілі бар. Тілі бар болса, халқы бар. Екеуі тең ұғым. «Өнер алды – қызыл тіл» дейді қазақ. «Тіл өнері дертпен тең», – дейді Абай. Елдің дауы мен ердің дауын бір ауыз сөзбен шешкен де заман болған. Соған қарағанда, елдің тағдыры мен қадірі тілімен тікелей байланысты. Тілді қадірлемеген адам халқын да қадірлей алмайды. Тіл – біздің бақытымыз. Оны Мұқағали жанымен, мыйымен, ойымен қорытып айтқан. Сондықтан оның сөзі сап алтындай.

Жыйырманшы ғасырдың айа­ғы мен жыйырма бірінші ға­сырдың басында Мұқағалидың өлеңі қазақ­тың сөзін көкке кө­тер­ді, кәрінің кеу­де­сін кернеді, жастың жүрегін тербеді. Сөйткен Мұқағали өлеңі, қара сөзі, аудар­ма­сы, күнделігі, ма­қа­ласы, тағы-тағылары – барлығы қазақтың он үш мың үш жүз қырық сегіз (13 348) сөзін, бес мың отыз бес (5035) тұрақты сөз тіркесін, йағ­ный он сегіз мың үш жүз сексен үш (18 383) тілдік бірлікті қолда­нып­ты. Ал егер оған шығармала­рында аталған жер-су мен кісі аттарын (495) қос­сақ, барлығы он сегіз мың сегіз жүз жет­піс сегіз сөз (18 878) қолданған екен. Қа­зақ тілінде көп мағыналы сөздің де мол екені белгілі. Айтылуы бірдей болғанмен, олардың әрбі­рінің мағынасы әр басқа. Сон­дық­тан олардың әрқайсысы жеке сөз саналады. Ондай ма­ғы­на­лас сөз­дердің саны жыйырма бір мың төрт жүз елу үш (21 453) екен. Со­лар­ды қоссақ, Мұқағали қолдан­ған сөздің ұзын саны қырық мың үш жүз отыз бір сөз (40 331) болып шығады.
Мұның бәрін есептеу, екшеу, са­лалап санап шығу – орасан еңбек.
Мұқағалидың сөздік қорына бес жыл бойы жинақтаған, сала-салаға бөліп талдаған, ақырында алпыс алты жарым (66,5) бас­па­та­бақ, 1064 бет көлемінде «Мұқа­ғали тілі сөздігі» деген атпен 2019 жылдың ақпанында енсійкло­пе­дійалық кітәп етіп «Сардар» баспа үйінен шығарған – ҚР Ұлттық ғылым ака­де­миясының кор­респондент-мү­шесі, ҚР Ме­м­ле­кеттік сыйлығы­ның лауреа­ты, филология ғылымы­ның док­­­то­ры, профессор жасы 81-ге айақ басқан ғалым ағамыз Байын­қол Қалиев; филология ғы­лым­дарының докторы, про­фес­сор, ол кезде Түркістан обы­лы­сының әкімі, ғалым ініміз Жансейіт Түймебаев; филология ғылымдарының док­то­ры, профессор, ҚР Ұлттық Ака­де­мия­­сының кор. мүшесі, ініміз Шеру­­бай Құрманбайұлы; фило­ло­гия ғылымдарының докторы, про­фес­сор қарындасымыз Сәби­ра Сағын­бекқызы.
Жай еңбек емес, бұл – ғылы­мый еңбек. Бес жылға созылған қажыр-қайраттың, маңдайдан аққан тер­дің, ілім мен білімнің жемісі. Өр­кениетті елдің ғана үдесінде бар үлгілі нәрсе. Бұл – Мұқағалиға ғана көрсетілген құрмет емес, қазақтың тіліне, оның қадыр-қасиетіне де көр­сетілген құрмет әрі мемлеке­тіміздің ғылымына, мәдениетіне қосылған қомақты үлес.
Сөздікке академик ағамыз Әб­дуәли Қайдар алғысөз жазып­ты, ійгілікті іске ізгі ағаның берген ба­та­сы сыйақты. Сөздікті жасау­шы­лар­дың жетекшісі Бәкеңнің (Б.Қа­лиев) де мағлұ­маты мол кіріспе сөзі кісінің көңі­лінен шығады. Қуа­на, тебі­рене жазғаны жарасып тұр.
«Сөз басынан» басқа «Сөз ара­сы» және «Сөз соңы» деген тар­аулар да сөздіктің қыр-сырын жан-жақты талдап таныстырады. Он бес кес­те­ден тұратын «Қо­сым­­шалардың» орны тіпті ай­рық­ша. Мұнда Мұқа­ғали қолдан­ған әр сөздің, әр тұ­рақты тір­кес­тің мән-мағынасы са­рала­нып, олардың қанша рет қол­­дан­ғаны мұқыйат көрсетілген.
Жалпы, ғылымый еңбектің ғы­лы­мыйлығы – түсініктемелер мен анықтаманың молдығында. Бұл жағына бұл кітәп өте ыжда­һат­пен жасалыпты…

(Толық нұсқасын газеттің №15 (3649) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір