АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ І ФОРУМЫ ӨТЕДІ
27.02.2019
1290
0

Күні кеше ғана Астана төрінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткені белгілі. Мәжілісте ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет баяндама жасады.

Басқарма төрағасы сөзін «Кинемато­гра­фия туралы» заңның қабылдануына қуа­нышты екендігін білдірумен бастады: «Мәде­ниет туралы» заңның аясында «Кине­матография туралы» заңның қабылданғаны туралы жаңа айтылып өтті. Адамның қызы­ғушылығын оятты. Кино деген – шынын айтқанда, дамуы тиіс сала. Баяғы бір заманда әдебиет дамып кетіп еді, енді киномыз озайын деп тұр. Соған қызыға отырып, құттықтағым келеді».
Әрі қарай әдебиетке ойысып, ұсынысын да білдіріп өтті: «Сонымен қоса, бір ұсыныс айта кетсем деймін. «Мәдениет туралы» заңның ішінде әдебиетке қатысты бірде-бір бап жоқ. Сондай-ақ, бізге жеке бір заңның керегі жоқ. Бізге тек бір ғана бап енгізіп бер­се, қосымша құн салығынан құтылып, қала­мақымыз өсер еді. Жолымыз ашылар еді деп те ойлаймын».
Бұдан әрі Қазақстан Жазушылар одағының осы жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып өткізетін шараларына тоқталды: «Олардың ең үлкені – 46 жылдан бері өтпеген халы­қ­аралық, дүниежүзілік дәрежедегі форум. Осыдан 46 жыл бұрын, Кеңес заманында, сонау 1973 жылы Алматыда Азия–Африка жазушыларының конференциясы өткен еді. Оны біздің қаламгерлер де, оқырмандар да әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Биылғы жылы біз соның бір жалғасы ретінде Азия елдері қаламгерлерінің І форумын өткізгелі отырмыз. Конференция 14-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл – бюджет бойынша қарастырылып, мақұлданған дүние».
ҚЖО төрағасы биыл Қазақстан Жазу­шы­лар одағының құрылғанына 85 жыл, қазақтың үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл болатынын да айтып өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір