Тіл үшін күрес – ұрпаққа үлес
01.02.2019
970
0

Газетіміздің өткен санында филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, марқұм Рахманқұл Бердібаевтың осыдан 63 жыл бұрын бодандықтың бұғауында бұлқынып, қылбұра­уында шырылдаған қазақ тілі туралы жазған «Ең үлкен мәдени байлық» атты жан­айқай мақаласын жариялаған едік. Ана тіліміздің тұсаулы аттай мүшкіл халі хақында ой тербеген қаламгерлеріміз бен тіл жана­шыр­ларының материалдары редакцияға көптеп ағылуда. Төмендегі пікірлер соның бір парасы.


Бексұлтан НҰРЖЕКЕ, жазушы

Тіл– ұлттың негізгі қайнары

Рахаң бұл мақаласында сол кездегі жағдайды қозғаған екен. Осы сияқты, «Қазақ әдебиеті» газетінің өткендегі санында Садықбек Адамбековтың «Қайта соққан боран» атты мақаласы жарық көрді. Былай қарағанда екеуі де үндес. Екеуінде де сол кездегі қазақ зиялы қауымының өзінің тіліне, дәстүріне салғырт қарай бастағаны, тіпті, ашып айтқанда, сатқындық көрсеткені туралы деп білуі­мізге болады. Кезінде Рахаңның басқа мақалаларын да оқығанмын. Академик ағамыз әрбір мақаласында ұлтымыздың тіліне, мәде­ниетіне қатысты жанашырлық ой айтады. Ол кісінің ашына жазған әр мақаласын өзге ұлт өкілдері емес, қайта өзіміздің қазақ интеллигенциясы қыспаққа алып, сынады. Тұрсынбек Кәкішев дейтін ағамыз да осы сарындас көп мақала жазған. Ол кісінің де жазғандарын сынады, жақтырмады. Осындай тұлғалар өзінің ұлтын жақсы көргені үшін, шексіз сүйгені үшін қазақтың өзінің азаматтарынан, азаматтары емес, шенеу­нік­терінен теперіш көріп, әртүрлі жағдайларға душар болды. Рахаңның мақаласына жүк болған бұл мәселе кезінде Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедовтер көтерген ұлттық мәселе еді. Мақалада айтылған жайлар – арада 60 жыл өтсе де, өз шешімін таппаған, біздің әлі де бас қатыратын түбірлі мәселелеріміз. Өкініштісі, Рахманқұл ағамыздың айтып отырған кейбір «жолдастары» азайғанның орнына көбейген. Қазақстанда 10 миллион қазақ бар дейміз, соның тең жартысы өз тілін білмейді. Сонда оның несі қазақ? Ұлт болу үшін сол ұлттың әр азаматы ұлтының тіліне, діліне үлес қосуы керек. Ал, сондай береке бізде бар ма? Соны ойлануымыз керек. Себебі, Ұлттың негізгі қайнары – Тіл.

….

(Толық нұсқасын газеттің №5 (3639) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір