Жиырмасыншы ғасыр болып үн қатам…
18.01.2019
1481
1

Ізтай Мәмбетов

Қазақ поэзиясының тарихында өлең-жырдың дарынды өкілдері баршылық. Олардың шығармашылығы уақытпен өлшенбейді. Қуатты шығармалары халқымен бірге жасайды. Қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны бар, сондай дарынды ақынның бірі — Ізтай Мәмбетов. Биыл Ізағаңның туғанына 90 жыл. Атаулы күнге орай ақынның бір топ жырын оқырман назарына ұсынып отырмыз.


Жолда

Терезе
Түріп пердені,
Қызығып қырға қарадым.
Толтыра жұттым кеудені
Өмірдің сабат самалын.

Тұманы таңның азайып,
Ағарып қалды айнала.
Даламыз толы ғажайып, –
Шайқалған егін жай ғана.

Жарысып бізбен келеді,
Қатарлас қонған жас терек.
Паровоз дабыл береді,
Жаңғырта жерді төске өрлеп.

Тас жазу кенет бөктерде,
Көркейтіп жолды тұрды бір.
Оқыдым зулап өткенде:
«Жасасып бейбіт нұрлы өмір!».

Осынау сөзден жолдағы
Жылылық жанға тартады.
Алғашқы сезім таңдағы,
Ойды алға сүйреп барады.

Осынау өшпес ұранды
Қайталай берді жас-кәрі.
Тізіліп сонда тұрғандай
Әлемнің асыл тастары.

….

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір