БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ ҚАРА ӨРТ
Бұл мақаланы «Балалық шақтағы қара өрт» деп атағым келді. Себебі, біз сөз еткелі отырған шығарма мен оның авторының өмір тарихы осы тақырыпқа ұқсас келеді. Шығармадағы (Альбер Камюдың «Бірінші адам» атты шығармасы) басты кейіпкер де, автор Альбер Камюдың да балалық шағы қара өртке оранған сүркейлі тағдыр.

Альбер Камю балаларымен бірге
…«Бірінші адам» – Альбер Камюдың аяқталмай қалған романының бірі. 1960 жылы 4 қаңтарда, небәрі 46 жасында Альбер Камю көлік апатынан қаза тапты. Автор біз сөз еткелі отырған «Бірінші адамның» қолжазбасы мен тағы бір мемуарлық романның соңғы нүктесін қоя алмай кетті. Бұл шығармалардың қолжазба нұсқасы жазушы жантәсілім болған жердегі балшықтың арасынан табылады. Кейін Камюдың қызы Катерина Камю әкесінің туындыларын қолжазба күйінен көшіріп, баспаға дайындап, 1994 жылы кітап етіп оқырманға жеткізеді. Шындығында, Альбер Камю осы «Бірінші адамын» өзінің жеке көзқарастары мен ащы сыни пікірлері қамтылған озық шығармам деп есептегені мұнда тұр…
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)