КӨКӨРІМДЕР КӨРКЕМСӨЗ ОҚЫП ЖАРЫСТЫ
28.12.2018
1504
0

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбында студенттер арасында көркемсөз оқу жарысы өтті.

Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін ояту және сол арқылы келешекте өзінің өскен өңірінің дамуына қолдау көрсететін нағыз патриот жастарды тәрбиелеу.
Шараға сөз шеберлері мен тіл мамандары қазылық жасады.
Қазылар алқасы өлеңді оқу мәнеріне, тыңдарманға жеткізу шеберлігі мен актерлік қабілетіне, киіну және саxнада өзін ұстау мәдениетіне мән берді.
15-тей оқушы көпшілікке өз­дерінің өнерлерін паш етті. Әсіресе 1-2 курс оқушылары белсенділік та­нытты. Қоныс Арапат, Өркен Аят, Луиза Царнаева, Руслан Гу­санов, Александра Терещенок сын­ды қатысушылар өзара жүлделі орын­дарды бөлісті.

Салтанат Қанетова,
оқытушы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір