“100 өлең” көркемсөз оқуына өтініштер қабылдау басталды
15.03.2024
604
0

ASSYLTAS қоғамдық қоры «100 өлең» байқауына өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бұл жоба — қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған. Сайысқа қатысушы 100 күн ішінде барлық өлеңді жаттап алуы тиіс.
Топтастырылған өлеңдер жинағы 1 сәуір күні байқауға қатысушыларға берілмек.

ASSYLTAS қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқастың айтуынша, биыл да жеңімпазға автокөлік сыйға беріледі.

«Бұған дейін 4 жыл қатарынан жеңімпаздарға автокөлік сыйлап келдік. Биыл да жеңімпаз су жаңа темір тұлпарды тізгіндейді. Финалдық сайысқа өткен қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз қайтпайды. Биылғы байқау үш бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 130 жылдығына арналады”-деді, Р.Оқас.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір