«КЕЙКІ БАТЫР» ФИЛЬМІ ЭКРАНҒА ШЫҚТЫ
21.12.2018
1390
0

Тәуелсіздік күні қарсаңында 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліс қаһармандарының бірі, ғасырға жуық жат жерде жатқан бассүйегі өткен жылы елге әкелініп, туған жеріне жерленген асыл ер Кейкі Көкембайұлы жайында «Кейкі мерген» атты тарихи драма экранға шықты.

Он алты бөлімнен тұратын хикаяны түсіруге қолдау көрсеткен ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі болса, ғылыми кеңес­шісі – тарихшы-ғалым Берік Әбдіғали. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында төрт ай түсірілген көркем туындыда Амангелді Иманов, Әбдіғапар хан, Әліби Жангелдин, Міржақып Дулатұлы және Ахмет Бірімжанов секілді тұлғалардың да образдары бар. «Қазақстан» Ұлттық телеарна­сынан көрсетіліп жатқан фильм­нің басты мақсаты – «ақ қашып, қызыл қуған» аласапыран заманда өмір сүрген тұлғалардың өмірі мен тарихи оқиғалар арқылы халқы­мыздың азаттық жайындағы ой-арманын көрсету.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір