ҰСТАЗ МЕРЕЙІ
07.12.2018
1029
0

Осы аптада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және «Көкжиек» клубының ұйымдастыруымен докторанттар, магистранттар, студенттер арасында университет аралық әдеби-шығармашылық байқау өтті.

Аталған шара факультеттің ардагер ұстазы, академик Жанғара Дәдебайұлының 70 жылдық ме­рей­­тойына арналды. Байқау 4 ба­ғытта жүргізілді. Қазылар ал­қасы қатысушыларды әділ баға­лап, жүлделі орындар тапсырды.
Марапаттау рәсімінде про­фессор Ж.Дәдебаев жастарға «Таң­дамалы шығармаларының» 1-томын таныстырды. Рәсімге белгілі журналист, «Балдырған» журналының бас редакторы Мағ­лұмов Дүйсен Мүсірәліұлы, ға­лым, КИМЭП профессоры Бе­кеева Нұрайша қатысып, ұстаз тұлғасы жөнінде жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Ләйла МҰСАЛЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, м.а

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір