«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» КІМДЕРГЕ БҰЙЫРДЫ?
07.12.2018
1132
0

Күні кеше ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жыл сайын ұйым­даст­ы­ратын «Алтын тобылғы» бай­қауының биылғы жеңімпаздарының есімдері жарияланды.

Осы жылы төртінші рет өткізілген бәйгеге еліміздің түк­пір-түкпірінен 18 бен 35 жас аралы­ғындағы жас қалам­герлерден 108 шығарма келіп түскен. Жеңім­паздар «Жылдың үздік проза­сы», «Жылдың үздік поэзиясы», «Жыл­­дың балаларға арналған үздік шығармасы», «Жылдың үздік драма­тургиясы» секілді дәстүрлі аталымдар бойынша анықталды. Әр номинация бойынша сыйақы қоры – 1 миллион теңге. Сондай-ақ, биыл «Алтын то­был­ғы» «Аста­на­ның 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» деген арнайы аталыммен толықты. Оның жүлде қоры – 1,5 миллион теңге.
«Алтын тобыл­ғы­ның» кезекті иелері:
1. «Жылдың үздік прозасы» – Айзат Рақыш («Адасқандар»);
2. «Жылдың үздік поэзиясы» – Қайсар Қауымбек («Күңіренбе, мола­лар») және Айбол Ислам­ғалиев («Жал­ғыздық картинасы»);
3. «Жылдың үздік балалар әде­биеті» – Алина Гатина;
4. «Астананың 20 жылдығына арнал­ған үздік шығарма» – Шер­хан Талап («Астана бояулары»).
Ал, «Жылдың үздік прозасы» ата­лымы бойынша Тұрсынбек Башаровқа («Чириме») және «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталы­мында Ақан Марғұланға («Жеті­қарақ­шы») көтермелеу сыйақысы ретінде 500 мың теңгеден табысталды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір