«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН…»
12.12.2018
2211
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйым­дастыруымен «Абай оқулары» атты қалалық байқау өтті. Дәстүрлі мәдени шараның мақсаты – қазақ тілін дамыту, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

18-28 жас аралығындағы Қазақ­станның түрлі этнос өкілдері қатысқан байқау 3 кезең бойынша өткізілді. «Өлең – сөздің патшасы» атты алғашқы кезеңде қатысу­шылар Абайдың ғылым-білім және өнер тақырыптарындағы поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін жатқа мәнерлеп оқыды. «Қазақта қарасөзге дес бермедім» деп аталған келесі кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» рома­нынан үзінділер оқылды. Соңғы «Құлақтан кіріп, бойды алар» кезеңінде Абай әндері шырқалды. Байқаудың қорытындысы бо­йын­ша бас жүлдені Алина Волох иеленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір