Жаңа ынтымақтастық келісім
30.11.2018
681
0

29 қараша күні Араб Әмірліктерінің Жазушылар одағы мен сондағы әдеби институт төрағасы және бір топ қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағы басқармасына келді.

Қос тараптың басшылары мен қаламгерлері қатысқан жиында әдеби қарым-қатынас орнату, екі елдің озық шығармаларын аудару, ақпарат, мәдениет, әдебиетке қатысты халықаралық іс-шараларды бірлесіп өткізу, екі ел қаламгерлерінің барыс-келісін жақсарту жөнінде ынтымақтастық келісім-шарт жасау туралы ұсыныстар айтылды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет одақтың осыған дейінгі жетістіктерін айта келе, алдағы күндері достықты жаңғырту, әдеби-мәдени байланысты нығайту басты назарда болатынын баса айтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір