«ҰЛЫ ДАЛА» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
30.11.2018
1937
0

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күні кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтары көрсетілген. Осы ретте «Нұр Отан» партиясы игі бастаманы қолға алып, жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» республикалық шығарма­шылық байқауын өткізетінін жариялады.

Бұл жөнінде партия төраға­сының бірінші орынбасары Мәу­лен Әшімбаев «Орталық коммуни­кациялар қызметі» РММ-де өткен арнайы брифингте мәлімдеді. Бай­қаудың басты мақсаты – ру­ха­ни жаңғыру идеялары мен құн­ды­лық­тарын дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсету. Сондай-ақ, өз шығармаларында елі­міздің рухани жаңғыруы мен да­муын суреттейтін, қазіргі за­ман­ғы шын­дықты түсінуге және қаз­ақ­стандық­тардың дүние­таны­мын қалыптас­тыруға ықпал ететін та­лантты жас әдебиетшілерді анық­­тап, олардың еңбегіне ла­йықты баға беру де көзделіп отыр. Бай­қауға 18 бен 40 жас аралығын­дағы қаламгер­лер қатыса алады. Қаты­су­шылар­дың жұмыстары 2018 жыл­дың 28 қара­шасы мен 2019 жыл­дың 15 қаңтары аралы­ғында қа­былданады. Нәти­жесінде «Про­за», «Поэзия», «Дра­ма­тургия, көр­кем фильмдер мен теле­сериал­дар сценарийі», «Пуб­ли­цистика» және «Балаларға арналған шы­ғар­малар» сияқты бес аталым бойын­ша жеңім­паздар мен жүлде­герлер анықталады. Әр ата­лымның же­ңімпазына – 1,5 мил­лион теңге, 2-орын иегерлеріне – 750 мың тең­ге, ал 3-орын алған қатысу­шы­ларға 500 мың теңгеден қаржылай сый­лық беріледі.

Жадыра Қажиева,
Алатау ауданы,т 182 жалпы білім беретінмектеп, тарих пәнінің мұғалімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір