«САРЫСУ ӨҢІРІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ» – БІР ЖИНАҚТА
16.11.2018
1966
0

Жақында «Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» аталатын аудиожинақ жарық көрді. Барлығы сегіз дискіден тұратын СД жинаққа Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған халық композиторлары мен қазіргі заман сазгер­ле­рінің шығармалары, осы өңірде көп орындалатын халық әндері мен есімі елге таныс әнші, күйшілерінің орындауындағы шығармалар енген.

Бірінші дискі дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлеріне арналып, радиохабарлар топ­тас­тырылды. Қара домбырасымен ел тарихын шежіредей сарнатқан Сүгір күйлерінен бастау алған, дәс­түр­дің жалғасы іспетті күй­лер­дің таңдаулы нұсқалары сарысулық күйшілердің орындауларында «Сарысу күйшілері» деген атаумен IІ дискіге енді. Сарысу өңірінен шыққан, қазақ өнерінде қайта­лан­бас қолтаңба қалдырған компо­зи­торлар Илья Жақанов пен Тыныш­бай Рахымның әндері III, IV дис­кі­лерге біріктіріліп, біртуар әншілер: Амангелді Сембин мен Сәуле Жанпейісованың орын­да­уын­дағы шығармалар V-VI дис­кілерге жинақталды. Ал «Сарысу композиторлары мен әншілері» атты VІІ-VІІІ дискілерге Сарысу өңірінің талантты өнерпаздарының шығармалары енгізілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір