ҚАЗАҚТЫҢ АСТАНАСЫ – ТҮРІКТІҢ АЛЬМАНАҒЫНДА
Ыстамбұлда жарық көретін «Қазақ елі» альманағы жаңа санын Астана қаласының 20 жылдығына арнады. Басылымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Дала ұлағаттары» кітабындағы «Қиырдан келсе қандастар» деп аталатын төртінші бөлімнен үзінділер берілген.
Сондай-ақ, қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы Шабан Серкан Динчтүрк кіріспе сөзінде Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның жаңа астанасының қалыптасу жолы туралы әңгімелеп, Елорданың 20 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталған. Бүгінде халықаралық деңгейдегі мәдени, саяси және экономикалық кездесулердің ордасына айналған Астананың тек қана Қазақстан халқының емес, бүкіл әлемдегі барша қазақтың мақтанышы екенін де тілге тиек еткен.