ТАЛҒАМ ТӨРІНДЕГІ ТӘКЕН
12.11.2018
1646
0

Биыл қара сөздің қас шебері Тәкен Әлімқұловтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай, Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде салтанатты кеш өтті.

Кешке ақын-жазушылар және сөз зергерінің жақындары мен жерлестерінен бір топ делегация қатысты. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқып, қазақ қаламгерлері атынан жазушының жары Есімкүл Болысбайқызына қамзол кигізді. Әдебиеттанушы ғалым Жанғара Дәдебаев Тәкен Әлімқұловтың мол мұрасы жайлы баяндама жасады. Кешке дарабоз таланттың туып-өскен жері Созақ ау­данынан ар­найы келген аудан әкімі Салыхан Полатов Түркістан облы­сының әкімі Жансейіт Түй­ме­баевтың құттықтауын жеткізді. Аудан орта­лығындағы Т.Әлім­құл­ов атындағы лицей-интернаттың директоры Берік Тұрғанбаев «Тә­кеннің асыл мұрасы» атты көрмені кешке арнайы дайында­ған­дарын, жазушының туған же­рін­де жыл сайын Әлімқұлов оқу­лары өтіп тұратынын айтты. Сал­танатты жиында Т.Әлім­құлов­тың қаламдас шәкірттері С.Оспа­нов, Р.Нияз­бе­ков, Е.Әлімжанов, А.Нысаналин, А.Әлім, Ө.Қырғыз­баев ұстаздары туралы естеліктері­мен бөлісті. Жазу­шы сүйіп тың­да­ған Сүгір күй­ші­нің шертпе күйлері мен Теріскей өңірінің әндері орын­­далып, Әлімқұлов проза­сын­дағы шоқтығы биік туындылардың бірі – Махам­бет өмірінің соңғы сәті психоло­гия­лық тұрғыда ше­бер суреттелген «Қараой» әңгіме­сінен үзінді оқыл­ды. Кеш соңында жазу­шы­­ның жары Есімкүл Бо­лыс­бай­қызы Тәкен Әлімқұловтың жазба мұра­сын ел арасында наси­хаттауға үлес қосып жүрген ақын-жазушылар мен әдебиетшілерге кітаптарын сыйға тартып, алғы­сын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір