Халықаралық фестиваль өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Театрлары ассоциациясы қазанның 30-ы мен қарашаның 6-сы аралығында Талдықорған қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық мерейтойына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық фестивалін өткізеді.
Фестиваль Орталық Азия елдері мен Қазақстанның театр өнері саласындағы әріптестікті нығайту, театр өнерін дамыту және осы сала мамандарын шығармашылық бастамаларға ынталандыру, сондай-ақ, жұртшылықтың назарын театр үрдісінің жаңа, заманауи үлгілеріне аудару мақсатында өткізіледі. Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркия елдерінің бас театрлары қатысатын фестиваль аясында барлығы 11 қойылым көрермен назарына ұсынылады. Мәдени шара Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа және ескі ғимаратында өтеді. Қойылымдарды Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады.
Ашылу салтанатының уақыты:
30 қазан, сағат 15.00