Әдебиетте шекара жоқ
Жуырда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасына Қытай Халық Республикасынан бір топ зиялы қауым өкілдері келді. Профессор Хоу Вэйхонг, зерттеуші ассистент Ван Сяоюй, профессор Хоу Дэн Қазақстан мен ҚХР арасындағы мәдени байланыстың өзекті мәселелерін талқылап, еліміздің жаңа әдебиетімен танысуға қызығушылығын байқатты.
Жиынға Бексұлтан Нұржеке, Есенғали Раушанов, Бақыт Сарыбалаұлы, Әлібек Асқаров, Қуандық Түменбай секілді іргелі қаламгерлер қатысты. Екі елдің әдеби байланысын арттыру мақсатында түрлі әңгімелер өрбіп, сауалдар қойылды.
Жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет қонақтарға алғыс білдіріп, сый-сияпат табыс етті.