ҚазҰУ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖОО-ЛАРЫНЫҢ ҮЗДІГІ
10.10.2018
179
0

Британдық «Times Higher Education» (THE) агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия университеттері арасында бірінші болып «THE World University Rankings-2019» рейтінгінде әлемнің үздік ЖОО-ларының 801-1000 тобына енді. Жалпы, рейтинг тізімінде 86 елден 1250 университет бар.

Ол 2010 жылы «Global Institutional Profiles Project» жаһан­дық жобасы аясында «Times Higher Education» және «Thomson Reuters» бірлесе жасаған, универси­тет­тердің барынша ықпалды ғаламдық рейтингісі сана­лады. Айрықша ерекшелігі – бағалау өлшемдерінің ба­сым бөлігінің университеттердегі ғылыми-зерттеу жә­не инновациялық жұмыстарға бағытталуында. Бұл жа­ғынан АҚШ және Ұлыбритания университеттері көш бас­тап келеді. ҚазҰУ халықаралық рейтингтерде қар­қынмен алға басуда. Еліміздегі жетекші университеттің жаңа жетістіктері жоғары оқу орнының және жаһандық ғылым-білім беру кеңістігіндегі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін аңғартады. Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйек айында ҚазҰУ негізінде «QS Worldwide» дүниежүзілік форумы өтпек. Халықаралық «QS World University Ranking» рейтингінде университет 220-орынды иеленген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір