Сейтметовтің 80 жылдығына тарту жасалды
21.09.2018
996
0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың 17-21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті театр актері және режиссері, Қазақстанның халық артисі Р.Сейтметовтің туғанына 80 жыл толуына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVI республикалық фестивалін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақ­стандағы театр өнерін насихаттау; дәстүрлі театр өнерін сақтау және дамыту, талантты әрі дарынды театр әртістері мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, сондай-ақ заманауи сахна үрдістерінің басым бағыттарын анықтау, жас ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар көр­некті театр актері және режис­сері, Қазақстанның Халық артисі Райымбек Сейтметовтің өмірі мен қызметін насихаттау, оның шы­ғармашылығымен көпшілікті та­ныстыру, мәдениет қайрат­кері­нің есімін мәңгі есте қалдыру.
Фестиваль аясында Алматы қаласының тұрғындары мен қо­нақтары, Астана қаласының Жас­тар театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академия­лық орыс драма театры, Бәйтен Омаров­тың «Жас сахна» театры, Респуб­ликалық мемлекеттік ака­демиялық корей музыкалық ко­медия театры, Азамат Саты­бал­ды­ның «Theatre 28» театры, «LABORATORY #316» Тәуелсіз театр труппасы ұжым­да­ры­ның орындауында Б.Ва­хапзаде, Ғ.Мүсірепов, Л.Разу­мовская, Б.Жан­дарбеков, Дон Нигро, Г.Бюхнер және Ф.Дюр­рен­мат сияқты шетел­дік, отандық, классикалық және қазіргі заман авторларының қойы­лымдарымен танысты.
М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 17 қыркүйек күні іс-шараның ашылу салтанаты, ал 21 қыркүйекте лау­реаттарды марапаттау және фес­ти­вальдің жабылу салтанаты өтті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір