«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
14.09.2018
395
0

Еліміздің «100 жаңа есімі» жобасының екінші маусымына өтінім қабылдау басталды. Биылғы байқау жалпыхалықтық танымалдыққа ие болған тұлғаларды насихаттауға емес, жаңа есімдерді таныстыруға бағытталып отыр.

Яғни ел көлемінде немесе нақ­ты бір өңір бойынша халыққа қалт­қысыз қызмет етіп жүрген аза­маттарға зор мүмкіндік бері­ле­ді. Сонымен бірге, өткен жылы не­гіз­гі тізімге енген, бірақ жеңім­паз­дар қатарынан табылмаған қа­тысушылар да бағын сынап көре алады. Басты талап – Қазақ­стан­ның дамуына қосқан жеке үлесі. Сон­дай-ақ, үміткер Қазақстан аза­маты болуы тиіс. Қатысушының 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толуы міндетті.
Бұдан бөлек, биылғы жобаның та­ғы бір ерекшелігі – үміткер өзін-өзі ұсынуына немесе үміткерді ұйым атынан ұсынуға болады. Өтінімдер «100esіm.el.kz» сайты арқылы қазан айының ортасына дейін қабылданады. Одан әрі он­лайн дауыс беру жүйесімен жал­пы­халықтық дауыс беру қорытын­дысы бойынша жеңімпаздардың есімдері анықталады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір