Қадірлі айтыссүйер қауым!
Алматы қаласы күні аясында Алатау ауданының 10 жылдығы мен «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдығына арналған аламан айтыс өтеді. Алатау ауданы әсем қаланың ажарын кіргізіп, әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосып отыр. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтететін «Алатауым-алтын ұям» атты бұл жыр жәрмеңкесіне Бекарыс Шойбеков, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ереже, Рүстем Қайыртай, Мұхтар Ниязов, Қалижан Білдәшев, Төлеген Жаманов, Шұғайып Сезімхан, Біржан Байтуов, Қазірет Бердіхан, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Ержан Әміров, Рауан Қайдаров, Саягүл Бірлесбек, Абай Жолмағанбетов, Талғат Мықи, Арғынбек Қалжан қатарлы топ жарған жиырма ақын қатысып, «Таскредит» қаржы компаниясы (президенті Дулат Тастекеев) және «Ай-Cер» компаниясы (Айкерім және Айкүнім Мәнізорова) жүлделерін сарапқа салады. Сондай-ақ «Алматы ақшамы» газетінің және «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» арнайы жүлделері бар. Бас жүлде Автокөлік.
Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықарлық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.
Айтыс «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 15-16 қыркүйек күндері өтеді.
Екі күнде де басталуы сағат 15:00-де
Билеттер: «Алатау» театырының, Республика сарайының,
Суденттер сарайының кассаларында сатылады.
Байланыс телефон: 398-62-44, 8778 778 0719
Ұлттық өнердің тойына асығыңыздар!