«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ»
17.08.2018
12474
27

Хакім Абай – Алаш жұртының руханияты мен мәдениетінің символы іспеттес тұлға. Ұлы ақынның шығармалары ғасырлар өтсе де өзінің өзектілігі мен мән-мазмұнын жойған жоқ. Абай – күллі адамзат игілігі. Оның поэзиясы – махаббат пен даналықтың поэзиясы. Осы ретте, 10 тамыз күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында дәстүрлі «Абай оқулары» өтті.

10 тамыздағы Абайдың туған күні қарсаңын­дағы шараны Халықаралық Абай қоры, Қазақ­стан Жазушылар одағы мен Алматы қалалық әкім­шілігі біріге өткізген еді. «Абай оқуларына» зия­лы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, сту­дент­тер мен оқушылар қатысты. Олардың ішінде Абай­дың ұрпағы Кәсира Исрайылқызы, Зейнол­ла Тілеужан, Рафаэль Ниязбек, Шөмішбай Сариев, Әділғазы Қайырбеков, Әбубәкір Қай­ран, Тұрсынзада Есімжанов, Дәу­лет­бек Байтұрсынұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Сәр­сенбек Бекмұратұлы, Болат Шарахымбай, Гүл­нар Шәмшиева, Қуат Қайранбай, Мағиза Құ­напияқызы бар. Осымен 25-ші рет өткізіліп отыр­ған «Абай оқулары» Қалалық Тілдерді дамы­тудың бөлім бастығы Бақыт Қалымбет құт­тықтау сөзімен ашылды. Ал, Қазақстан Жазу­шы­лар одағы Басқарма Төрағасының орынба­сары, ақын Бауыржан Жақып шарада сөйлеген сөзінде былай деді: «Бүгін ұлы Абай бабамыздың ту­ғанына 173 жыл толып отыр. Артында қалған ел-жұрты Абай есімін күніне бірнеше мәрте айтамыз. Оның қаламынан туған шығармалардың өміршеңдігі соншалық, Абай айтты деген қара сөздер болсын, Абай жазды деген өлең жолдары болсын, әрбір қазақ баласының алдынан өмір бо­лып қайта оралып отырады. Абай ойларының тұңғиық тереңдігі де, сезім терберлік, жан тебі­рентерлік лирикасы да, сонау ХIХ ғасырда айтып кеткен шырқау биік философиялық толғамдары да алдымыздан шығып келеді. Бұл өмірдің барқадар табар бар иірімдерін шолып кеткен ұлы ой­шылдың мұрасы қазақ баласына мәңгілік ру­хани азық. Бүгінгі Абай бабамыздың туған күніне арнап, осында жиылған қауым алдында Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшелері, танымал ақындар өз өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар! Абай рухы баршамызға жар болсын!». Жиын барысында өлеңдер оқылып, қатысушыларға алғыс хат табысталды.

ПІКІРЛЕР27
Аноним 15.10.2019 | 23:12

Өте жақсы жазылған екен маған ұнады 👍👍👍

Аноним 24.10.2019 | 23:07

Мағанда ұнады күшті:
🍆
🥚🥚

Аноним 04.11.2019 | 12:57

өте керемет

Аноним 04.11.2019 | 21:39

Мағанда катты унады.Ойткены магыналы жазылған.

Аноним 02.12.2019 | 17:57

Иә мағанда ұнады 👍🏻

Аноним 02.12.2019 | 17:59

Өте жаман екен деп жатыр мына жақта 😔😔

Аноним 11.12.2019 | 15:41

Өте жақсы айтылған екен!

Аноним 19.12.2019 | 09:59

өтк жақсы👍👍👍👌👌

Аноним 19.12.2019 | 12:08

Маған ұнады😘😘😘😘

Аноним 19.12.2019 | 13:37

Апайым дұрыс жазылмаған дид
Дұрыс емес жазғандарың😏😏😏😏

Аноним 13.01.2020 | 23:16

Дұрыс емес жазғандарың😏😏😏😏😏

Аноним 19.01.2020 | 20:17

Маған қатты ұнады Өте тамаша жазылған екен🤩🤩🤩👍👍

Аноним 22.01.2020 | 20:44

Өте зор

Аноним 26.01.2020 | 18:04

Өте жақсы😃😃😃😃😃

Аноним 29.01.2020 | 20:19

Керемет

Аноним 29.01.2020 | 20:20

Керемет👍👍👍

Аноним 16.02.2020 | 16:45

Мағналы мəнді жанды жазылған бірақ əлемге танылған Абайды қатты ашпаған бұл жеке менің пікірім емес

Аноним 16.02.2020 | 16:46

Менің ойымша қортынды жоқ

Аноним 20.02.2020 | 15:39

Маған катты унады

Аноним 20.02.2020 | 19:23

Өте жақсы маған ұнады!

Аноним 06.05.2020 | 18:22

Өте жаксы маған ұнады😍😍👍👍

Аноним 15.05.2020 | 12:29

Керемет менің Арғыатам ғой

Аноним 03.09.2020 | 14:09

Өте жақсы жазылған❤❤

Аноним 10.03.2021 | 14:16

Кушти

Аноним 04.09.2021 | 09:02

Хахаххахааххат қызық

Аноним 06.09.2021 | 13:37

Күшті

Аноним 26.09.2021 | 13:19

ҚОНАҚ
Өте жақсы жазылған🤩🤩🤩👍👍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір