«Күлтегін» Португалияға барады
13.08.2018
989
0

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі Португалияда өтетін Халықаралық кинофестивальдің негізгі бағдарламасына қатысады.


Осымен екінші рет өткелі отырған фестиваль қыркүйектің 14-15 күні Португалияның Порту қаласында болады. Байқаудың мақ­саты – португалдық және әлемдік фильмдерді кеңінен насихаттау, жаңа таланттарды таныту. Фильмнің режиссері – Адай Әбілда. Ани­мациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған Түркі қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы.
«Күлтегін» фильмі шілде айында Астанада өткен XIV Халық­ара­лық «Еуразия» кинофестивалінің «Еуразия жүрегінде» атты кон­курстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленген еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір