Адамзаттың Абайы
13.08.2018
1036
0

Бүгін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алаңында Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Ұлы, Абайдың туған күніне арнап «Адамзаттың Абайы» атты қалалық іс-шара өткізеді. Мұның мақсаты – «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мен мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін шараның міндеті Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім және рухани бірлікті нығайту, және азаматтарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар­дың өкілдері, студент жастар мен оқушылар қатысады. Белгілі ақындар өнер шеберлері Абайдың шығар­ма­ларын, өлеңдеріне жазылған әндер мен романс­тар­ды орындайды, ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқиды.

Басталуы сағат 17.00-де

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір