БАРАН, ҚҰЛА, ҚҰЛАГЕР
Жылқының түсі денесіндегі түгінің, сондай-ақ жалы мен құйрығының түсіне байланысты. Аттың түсі кейде жас шамасына да байланысты болады. Мысалы, сұр түсті аттар бастапқыда баран, торы немесе жирен болуы мүмкін.
Терінің және жүнінің түсі бір түсті болса, ондай аттарды тез анықтап, есте сақтап қалуға болады. Жылқылардың негізінен мынадай түрлері кездеседі:
Баран – бүкіл денесі, басы, аяғы, жалы мен құйрығы қара;
Жирен – бүкіл денесі, басы, аяғы, жалы мен құйрығы жирен;
Құла – бүкіл денесі, басы, құйрығы мен жалы құла, көп жағдайда қара бояулары басым;
Аққұла – бүкіл денесі, басы мен аяғы ақшылт шағылады, ал жалы мен құйрығы да сондай немесе ақ түсті.
Екі түстілерге мыналар кіреді:
Торы – бүкіл денесі мен басы қоңыр, құйрығы мен аяғының алдыңғы жақтары қара;
Қарагер – денесі, басы мен аяғы қара түсті жылқылардыкіндей қара, маңдайлығында, көзі мен танауының айналасында, шабы мен құйысқанында қоңыр түстер болады;
Құлагер – бүкіл денесі мен басы сарғыш шағылды, жалы құйрығы мен аяқтарының алдыңғы жақтары қара, арқасында белдеулікті қара жолағы болады;
Шабдар – денесі мен басы қоңырлау немесе жирен, жалы мен құйрығы денесіне қарағанда ашықтау, көкшілтім немесе ақшылтым болады.
Қара қоңыр – денесі мен басы қоңыр немесе жирен түсті, жалы мен құйрығы ашықтау, ақшыл болады.
Жылқы түстерінің ерекше топтарына аралас, жүні ақ және әртүсті түрлері жатады:
Боз – оның жас кезіндегі сұрша түсі жылдар өте келе ақшылданып, жылқы мүлде дерлік ақбозға айналады. Боз жылқының жүнінде басқа түстер араласып жатады, ол жылдар өте ағарып, жылқы ашық сұр түске енеді немесе бұршақ түріндегідей қара таңбалар қалады;
Бурыл – баран, жирен немесе қара түстерінде ақ қылшықтар көп әрі біркелкі болады.
Жылқының жабайы деп аталатын түстеріне мыналар кіреді:
Сары – денесі қызғылт-сары немесе ашық сары, оның төменгі бөлігі ашықтау, жалы мен құйрығы қарабурыл, аяқтарында көлденең қара белдіктері, жауырыны мен арқасында қара жолақтары болады;
Күлгін – денесі тышқан немесе күл түсті, басы, жалы, құйрығы мен аяқтарының төменгі жағы қаралау, бүкіл арқасында қара жолағы болады;
Күрең – денесі ашық жирен түсті, жалы, құйрығы мен арқалығы қызғылт жирен түсті болады.
Шұбар түсті жылқылардың түстері де қызық:
Алашұбар – қара, қарагер немесе жирен түстерінде формасы әртүрлі ірі ақ таңбалары болады;
Шұбар – денесі ақбоз, оларда қара, жирен және қоңырқай жиі-жиі орналасқан теңбілдер немесе бұған керісінше қара түсінде кішілеу ақ дақтар болады. Көбіне жолбарыс түстес болып келеді. Бұлардың алғашқыларынан айырмашылығы сол, теңбілдердің орнында қара түстілерінде ақ немесе ақ түстілерінде қара жолақтар болады.
Бір түсті жылқыларды мамандар өзгеше белгілеріне қарап айырады. Көп жағдайда жылқының маңдайында немесе аяғында ақ таңбалар болады. Оны жұлдызша дейді. Кейбіреулері ұзыншалау болып келеді.