АЛҒАШҚЫ АЛТЫН
Болгарияда 10-13 жас аралығында өткен International Mathematics Competition (IMC) халықаралық олимпиадасынан Қазақстан командасы жүлделі оралды.
Олимпиаданың ұйымдастырушы Малайзия, Сингапур, Қытай, Тайвань, Гонконг, Филиппин, Таиланд мемлекеттері. Биылғы олимпиадаға Азия елдерінен бөлек Канада, Мексика, Кипр, Иран және Оңтүстік Африка командалары қатысты. Әлемнің 31 мемлекеті бақ сынайтын Халықаралық жас математиктер сайысына еліміз 2013 жылдан бері қатысып келеді. Қазақстанның биылғы командасы әр өңірден 16 оқушы іріктелді. Сайыс нәтижесінде қазақстандық математиктер 5 жүлделі және 7 өлшеуіш орынды иеленді. Атап айтсақ, Райымбек Байшуақ – алтын, Әди Сахантаев пен Байсейіт Есенбай – күміс, Олжас Махажанов пен Диас Арыстанбек – қола медаль еншіледі. Команда жетекшісі Айдын Жамбылдың айтуынша, бұл жетістік ұзақ жылғы дайындық пен үздіксіз тәжірибе алмасудың нәтижесі. Жылдан жылға қатысушылар саны артқандықтан, олимпиада шарттары мен кезеңдері күрделене түскен. Соған қарамастан біздің дарынды балалар үмітті ақтап, Қазақстанға биыл бірінші рет алтын алып берді. Мұндай білім сайыстарында оқушылар өзара білім жарыстырып қана қоймай, бір-бірімен араласып, тәжірибе алмасады.
Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ «электрондық журналистика» бөлімі