«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…»
25.08.2015
28856
9

«Абай Құнанбаев – совет диссиденттері тәу еткен Пушкин ескерткіші сияқты маңызды символға айналды». Бұл осыдан үш жыл бұрын ресейліктер айтқан сөз еді. Абай – қазақ үшін де, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт өкілдері үшін де – адамдыққа жетелейтін ұстынға айнала алды ма? Еліміздегі басқа ұлт өкілдерінен Абай шығармашылығының маңызы туралы сөз сұраудағы мақсатымыз да осы… 

ЗулпаЗулпа Чумакова,

ақын, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры

Ұлттың ары

Абай шығармашылығындағы халықтар достығы, адамның адамға деген әділетті көзқарасы бүгінгі күні де өзекті ғой. Абайдың әрбір сөзінің өлмейтін бір қасиеті бар. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді айта алу үшін үлкен жүрек керек. Күллі адамзатты жүрегіне сыйғыза алатын кеңдік, парасат керек деп ойлаймын. Бұл сөзді қазақтың ғажайып ақынының аузына салған – қазақтың кең байтақ даласы немесе ақ-адал пейілі шығар? Мен оны білмеймін, алайда, Абайдың әр шығармасын оқып отырып, қазақы ұстаным мен ұстынды анық байқайсың. Қазақтың арманын, бары мен жоғын ұғасың. Меніңше, Абайдың әр сөзі қазақ үшін ғана емес, жер бетіндегі өз болашағын ойлаған әрбір ұлт үшін маңызды.

Менің дүниетанымыма, көзқарасыма ерекше әсер еткен шығарма – Абайдың «Қара сөздері» дер едім. Мұндағы жалпыұлттық құндылықтар мәселесі, адамгер­шілік, дін, діл жайлы әңгіме – күні бүгінге дейін маңызын жоймағаны, бұдан кейін де өзекті болып қала беретіні ойлантады.
Абай – өз ұлтының ары. Ол өз ұлтының ар тазалығын ойлай алды, өз ұлты өзін таныса екен деді. Сол қазақ осы күні өзін-өзі таныды ма, іздегенін тапты ма, Абай аңсаған биікке жетті ме? Бұл сұрақтың жауабын әр қазақ өзінше іздер. Менің айтпағым – Абайдың арманы қазақтың тазалығы болса, ол арман орындалған шығар.

Абай өлеңдеріндегі жалпыұлттық құндылықтар мен мейірім, адамгершілік, еңбек пен талап – бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін ең керек тақырып деп ойлаймын.

ВишниченкоВалерий Вишниченко,
Қостанай облыстық архивінің директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты

 Адамның ұлы

Дәл өз басымның мысалынан айтсам, Абай маған ерекше әсер етті, оның философиялық ой тереңдігіне тәнті болдым. Абайды өзге ешкіммен салыстыруға болмайды, оның шығармашылығындағы ерекше сәуле – Абайды оқыған әр адамның жүрегін тербейді. Сондықтан Абайды оқу керек. Абайды оқымау, Абайды білмеу – қазақты білмеу, қазақты танымау деген сөз ғой.

Әрине, Абай айтқан еркіндік, теңдік, мейірім мен тазалық идеясы күллі адамзатқа тән. Сондықтан Абай айтқан сөз – қазаққа ғана емес, баршаға ортақ деп білемін. Абай нұсқаған жол – бәріміздің бағдарымыз болуы керек. Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқығанда қазақы ойды, философияны, ұстанымды, ерекшелікті танисың. Абай: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», – деді ғой, сол өсиетті өзі орындап кетті. Ол атаның ғана адал ұлы емес, өз халқының, адамзаттың адал ұлы бола білді. Оның философиялық терең мұрасы күллі адамзаттың игілігіне айналғанының бір себебі – оның шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды талмай айтып отырғандығынан болар деп ойлаймын.

ОльгаОльга Сағындықова,
«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы
әскери оркестрінің домбырашысы

 Абай маған қазақша үйретті

Абайдың «Қара сөздерін» орысша аудармасында да, қазақша түпнұсқасында да оқыдым. Абайдың шұрайлы тілі менің қазақ тілінде еркін сөйлеуіме көмектесті. Абай өлеңдері арқылы қазақ тілін үйрендім, Абай шығармашылығы арқылы қазақ мәдениетіне, дүниетанымына жақындай түстім. Қазақтың келіні, Қазақстанның азаматы бола тұра, Абайдың ең болмаса бір өлеңін жатқа білмеу, Абай шығармашылығын оқымау, Абайға жақындамау – қазақ шаңырағын сыйламау дер едім.

Шүкір, бүгінгі Қазақстанда Абайдың өлеңдерін жатқа айтпайтын адам жоқ шығар деп ойлаймын. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық Ай», «Айттым сәлем Қаламқас» – күллі қазақстандықтар жатқа айта алатын, талай жүректі тебірентер әндер қатарында.

Абай афоризмдері – Қазақстандағы қай ұлт өкілі болса да, ең көп айтар нақыл сөз.

Абайдың сөздері басылған кітап – қазақстандықтар ең көп сатып алатын, ең көп сыйға тартатын дүние.

ПІКІРЛЕР9
Аноним 28.11.2019 | 16:08

АДАМ ЗАТТЫҢ БƏРІН СУЙ БАУЫРЫМ ДЕП ӨЛЕҢ

Аноним 22.12.2019 | 16:04

Мен негізі басқа зат іздедім

Аноним 27.02.2020 | 12:06

Мен негізі басқа зат іздеген едім.

Аноним 27.02.2020 | 17:01

Мен басқа іздедім

Аноним 19.03.2020 | 18:12

менде баска нарсе издедим мынау не тагы

Аноним 02.09.2020 | 10:39

Менің іздегенім басқа.

Аноним 13.04.2021 | 16:39

в ыыее

Аноним 19.04.2021 | 20:37

МАҒАН СОЛ ОЛЕҢІ КЕРЕК ЕДІ ОТІНЕМІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ

Аноним 20.04.2021 | 05:37

Мағанда😒

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір