АСТАНА ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙСАМ…
06.07.2018
668
0

 

 

 

Болат ҰЗАҚОВ,
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының режиссері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

 


Қ.Қуанышбаев атындағы театр­ға 1997 жылы театрдың ди­рек­торы әрі көркемдік жетекшісі Қа­зақстанның Халық әртісі, өзі­нің ерек­ше қолтаңбасымен таныл­ған ре­жиссер ағамыз Қадыр Жет­піс­баев­тың шақыруымен келдім. 1997 жыл әлем картасында Астана ат­ты қаланың пайда болуымен та­­рихта қалды. Сол жылдың жел­тоқсан айында барлық мемлекеттік рәміздеріміз Астана қаласына кө­шірілді. Алатаудан Арқаға қо­ныс ау­­­дарған көппен бірге мен де ел­ор­­дадағы дүбірлі өмірге қосыл­дым. Астана көшірілген уақытта сырт көзді қойып, ел арасында кү­мәнді сөздер көп жүрді. Ол сөз­дер бізге ту сыртымыздан қадалып тұр­ған сын көздің көп екеніне кө­зімді жеткізді. Біздің алдымызда ас­таналық көрерменнің талғамын қа­лыптастыру, театрды дамытып, Ас­таналық мәртебеге көтеру мін­деті тұрды. Сондықтан жаны­мыз­ды салып, намысты қайрап, білек сыбана жұмысқа кірістік. Қазір сол жылдарға қайырылып көз жү­гірт­сем, өз мақсатымызға жеттік деп айта аламын!
1997 жылы Қ.Қуанышбаев атын­дағы қазақ музыкалық-драма теат­рының сахнасында қойған ал­ғаш­қы спектаклім М.Әуезовтің «Көксерек» повесіне негізделген «Қанды ауыз» қойылымы. Осы қойылыммен республикалық фес­тивальге қатысып, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие бол­дық. Ең басты жүлдеміз әлемнің 75 елінің театры өнер көрсете­тін Каир қаласындағы фестивальге баратын жолдама еді. Дүниежүзі­лік байқауда жүріп, уақытым жет­кенше Италия, Жапония, Гер­ма­ния сынды елдердің қо­йы­­­лым­­дарын тамашалап жүр­дім. Сол сапарда ойыма түйгенім, ал­дыңғы қатарлы әлем халықта­ры­нан үлгі алып, шетелдіктердің озық тәжірибесін үйреніп, олар­дың шығармаларын аударып жат­қанымызбен, қазақ халқының өзіне тән өнерін дәл көрсететін дәстүрлі ұстанымнан айырылып қал­мауымыз керек екен. Яғни, қа­зақ театрының сахнасына шы­ғатын туындылар қашан да қазақ­тың менталитетін, қазақтың бол­мысын сақтап қалу жолында үлкен жауапкершілікке ие.
Қазір Қ.Қуанышбаев атындағы театр қазақ сахна өнерінде қада­мын нық басқан, тегеуріні мығым өнер ұжымы ретінде өзін дәлелде­ді. Оған театрдың тарихы куә. Бұл осы ұжымдағы әрбір өнерпаздың, әр­бір қызметкердің еңбегі. «Жұ­мы­ла көтерген жүктің жеңіл» бо­ла­рын тағы бір сездірген ұжымның бірлігі.
Қаллеки театрында отызға жуық спектакль қойыппын. Со­ның басым көпшілігі тарихи шы­ғармалар. Қазақ тарихына ерекше қызығамын. Өйткені, өз ұлтымды ерекше жақсы көремін, өзге ұлт­тарға ұқсамайтын қасиеттерін қастерлеймін. Қазақ деген ұлттың өнерде жүрген бір перзенті ретін­дегі басты мақсатым – ұлтымның тарихын сахнада безбендеу. Д­а­рынды драматург Думан Ра­ма­зан­ның қаламынан туған «Кенесары – Күнімжан», «Абылай ханның ар­маны», «Керей – Жәнібек» атты та­рихи драмаларды сахналағаным да сондықтан. Ендігі бір арманым – Астана туралы тарихи қойылым қою. Елордамыз жайында пьеса­лар көп жазылды, бәрін оқып шық­тым. Бірақ іздегенімді, көң­і­­­лімдегіні әлі таппадым. Қазір театрдың әде­биет бөлімінде Көшім хан ту­ра­­лы және сол ханның тұсында осы далада орналасқан қала ту­ралы тарихи драма бар. Бірақ оның драматур­гиясы әлсіз, әлі де пі­сіріп-же­тіл­діру керек. Десе де, «са­бақты ине сәтімен» деген, күн­дердің күнінде бұл арманым­ның да жүзеге асатынына сенемін!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір