Дамуға бастар жол
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасында қандай нәрседен бастау алып, қандай мәселелер бойынша жұмыс атқару керектігі анық айтылған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан түрлі шаралар, соның ішінде мектепке дейінгі және мектептен кейінгі білім беру ошақтарында елге, ұлтқа, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімді қалыптастыру бағдары бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.
Осы бағдар бойынша үш тілде білім беру көзделген (қазақ, орыс, ағылшын). Мемлекет басшысының бұл аса маңызды саналатын саяси шешімдері жүзеге аса бастағанын ерекше айтуға тиіспіз. Әлеуметтік желіні қолданушылар да Ұлт жоспарын барынша қолдауда. Қазіргі қазақ жастарының арасында жиі талқыланатын тақырып: «100 нақты қадам» аясындағы «100 кітапты» оқып шығу, «100 мақсат» қойып, соны орындауға деген ынта-ықылас. Озық ойлы жастар тарапынан қолдау тапқан осынау бастама – өзге елге үлгі. Бұл жоспар болашақта жастардың рухани бай болуына, мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсетіні шүбәсіз. Ұлттық сана елге деген махаббат, отансүйгіштік тек қана рухани бай адамда ғана қалыптасады. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұл жоспар аясында үлкен жобалар жүзеге асуда. Тек мәдени жағынан ғана емес, сонымен қатар экономика, саясат, заң саласындағы жұмыстарды жолға қою, заманауи мемлекет орнату, мемлекеттік қызметкерлердің қызметке тұру мәселелері де қарастырылған. Елбасы міндеттеген лауазымды тұлғалар дәл осынау айқын бағдар аясында тапжылмай, халықпен бірлесе отыра жұмыла жұмыс жасаса – еліміздің өркендейтіні белгілі.
Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орнаса, сапа жақсарып, түлектер білімді, келешек мамандар сапалы шығатын еді. Жақында ғана мектеп түлектері ҰБТ-ны тапсырғаны баршаға мәлім. Нәтижелері жылдан жылға жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Грант сандары қанша бөлінгені нақты әлі белгілі болмаса да, талапкерлер білімге құштар. Ал егер мектепке дейінгі білім беру мекемлеріне толығырақ тоқталатын болсақ нәтиже көрсеткіштері жақсы деуге негіз бар. Себебі, «тәрбие тал бесіктен» демекші, бала үйрену арқылы өседі. Жұмысбасты ата-ана бере алмаған патриотизм мен ұлтжандылықты балабақша бойына сіңіретіні рас. Көптеген методикалық әдіс пен рәміз, әнұранымызды жаттату қалай болғанда да балаға әсер етпей қоймайды. «100 нақты қадам» бағдарламасының көздегені – осы! Мақсат – айқын, бағдар – анық! Тек тынбай еңбек ету арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. «100 нақты қадамды» ұлт болып бірге жүзеге асырсақ, дамитынымыз рас. Әр адам қоғамды өзгерту үшін алдыменен өзін өзгертуі керек. Ең әуелі алдыңызға 100 нақты жоспар қойып, соны орындаңыз. 1 жылда 100 кітап оқып шығыңыз. Әркім өзіне ұнайтын іспен айналысқанда ғана әр жанның рухани гармониясы орнайды. Б.Грасиан айтпақшы: «Ұлы істерді ойласпайды, бастайды!». Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің Жолдауында көрсетілген қадамдар әлеуметтің барлық проблемаларына оң шешімін табуды көздеген. Егер медецина, экономика, білім, заң саласындағы реформалар жүзеге асса, еліміз көркейіп, дамыған мемлекеттер қатарына қосылатыны анық. Мақсат – көп, талап – біреу. Алдыға қадам басу үшін кейінгі ұрпақ пен қоршаған ортаны сақтауымыз қажет. Сонда ғана бұл іс – ұлтқа қосқан үлесіміз болады.
Ф.БАЯНОВА.