Бесінші бастамадан үміт көп
22.06.2018
912
0

Елбасының «Президенттің 5 әлеуметтік бас­тамасында айтылған бесінші бастама: тұрғын­дарды көгілдір отынмен қамту мәселесі қалай іске асып жатқаны жайында мәлімет іздегенде мы­надай ақпараттармен таныстық. Қазір Ал­маты облысында аймаққа газ тарту ісі қызу жү­ріп жатыр. Биыл соңғы 50 жылда көгілдір отын­ға қол жеткізуді күтіп жүрген Талдықорған қа­ласының тұрғындары табиғи отынға қол жет­кізбек. Бүгінде қала бойынша газ желісін тарту аяқталып, көп қабатты үйлер мен жеке тұрғын-жайларды желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін табиғи газға 393 абонент қосылған.

Жалпы, 2020 жылы бұл аймақты газбен қам­ту жұмыстары толық аяқталады деп кү­тілу­де. Оған 8,5 млрд теңге бөлінді. Оның 5,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлін­се, 3,3 млрд теңге жергілікті бюджеттен тар­тыл­ды. Нәтижесінде Алматы қаласының ау­мағынан тартылған газ құбыры облыс ор­талығына дейін жетіп, мақсат орындалды.
Жетісу жерінде көгілдір отын мәселесінің то­лықтай шешім табуына Елбасы ұсынған 5 әлеу­меттік бастама ерекше серпін бермек. Яғни қазіргі күні Талдықорған қаласының аума­ғына келген газ құбырын Алакөл, Сарқан, Ақсу сияқты шалғай аудандарға да тарту мә­селесі қолға алынып отыр. Сондай-ақ, Қап­шағай қаласын газ желісіне қосу аяқталуға жа­қын. Текелі қаласы мен «Бақанас», «Сары­-
ө­зек», «Үштөбе» газ бөлу стансаларының құры­­лысы жүріп жатыр. 2020 жылға дейін Пан­филов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек ауданда­ры­на табиғи газ жеткізу жоспарда тұр. Же­тісу­дың әр ауылына газ келіп, қарапайым халық қуанатын күн жақындап келеді.
Көпшілік қозғау салып жүрген жайлардың бірі осы. Қазір еліміздің 9 облысына газ толық тар­тылған. Тұрғындардың 50 процентке жуы­ғы газбен қамтамасыз етілген.
Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр.
Елбасымыз, Қараөзек (Қызылорда облы­сы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау –Аста­на бағытында магистральді газ құбырын салу жо­басын ұсынды және оны таяу жылдар ішін­де жүзеге асыруды талап етті.
Осы жоба жүйелі түрде жүзеге асса 2,7 мил­лион адам газбен қамтылады. Ал көгіл­дір отынды пайдалану экологияны жақсартуға аз да болса жол ашады.

Жанар АДЫРБАЙ,
ХАТУ-дың 1 курс студенті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір