Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы
11.06.2018
1162
0

6 маусым күні Алматы қаласындағы Жазушылар кітапханасында Елорданың 20 жылдығына орай «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға мұрындық болған «Ел-шежіре» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы. Шараның басты мақсаты – Астананың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін және атқарылған ауқымды істерін баяндап, елорданың қалыптасу тарихын бағамдау.

Жиынға ҚР Ұлттық мемлекет­тік Кітап палатасының директоры Әлібек Асқаров, Қазақстанның Ең­бек сіңірген қайраткері Асылы Ос­ман, журналист, жазушы Қанат Әбілқайыр, Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет ор­талығы қоғамдық қорының ди­рек­торы Дина Мұхамедхан сынды бір­қатар азаматтар қатысты.
Аталмыш шара Жазушылар кі­тапханасының меңгерушісі Елена Ағайса ханымның алғы сөзі­мен бас­талып, «Ел-шежіре» қоғамдық қо­рының төрағасы Дәулет Әшім­хан­ның сөзімен жал­ғасты. Сон­дай-ақ, Әлібек Асқаров Елор­да­ның кешегі және бүгінгі сипаты жай­лы тұшымды ойын ортаға сал­ды. «Астана небәрі 20 жылда жаңа қалаға айналып үл­герді. Бұ­рын шет елдерге таңғалып қар­а­сақ, бүгінде солармен теңесіп, иық ті­ресетін дәрежеге жеттік. Күн са­нап дамыған қаламыз әлі талай алып қаланың алдын орайтынына кә­міл сенемін» – деп сөзін түйін­деді.
Қоғам қайраткері Асылы Ос­ман «Елбасының бастамасына, тап­қырлығына, табандылығына еш­кім күмәнданған емес. Ол Ас­тананы көшіру барысында өткенді ес­керіп, бүгінін ойлап, болашаққа баянды жоспар жасады. Түсінігі мол, саналылар бір ауыздан қол­да­ды. Күдіктен үміт басым болып, се­нім ақталды. Міне бүгінде гүл­ден­ген, экономикасы қуатты ме­гаполис атанды» – деді.
Салтанатты басқосу ақын, жы­рау Алтынбек Ибрагимовтың «Ас­танаға арнау» жырына ұласты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір