Оң қадам
Бүгін мен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 20 мамырындағы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу» турасындағы 15-шісіне тоқталуды жөн санадым.
Аттестациялау рәсімін өткізу мемлекеттік қызметкерлерінің шын әлуетін анықтау мақсатында қажет. Мемлекеттік қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру, іс-сапарға жіберу, тағылымдама, сондай-ақ біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарына жіберу, аттестациядан өткізу кестесін ескере отырып жүзеге асырылады. «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі конкурстарға қатысулары, сонымен қатар, олардың аудару тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындаулары, тиісті аттестаттау комиссиясын шешімі қабылданған болса ғана рұқсат етіледі. Аталмыш талап уақытша бос лауазымдарға тағайындалған тұлғаларға қолданылмайды.
Аттестация тұсында оқу демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, ұзақ сапарда, я болмаса науқастануына байланысты, халықаралық және өзге де ұйымдарға іс-сапарға жіберілген мемлекеттік қызметкерлері, жұмысқа шыққаннан соң алты ай мерзімінде 2017 жылдың соңына шейін аттестациядан өтеді екен. Сұқбаттасу тәртібінің адал да әділдігін қамтамасыз етіп, қабылданған шешімдерге сенімін арттыру мақсатында аттестациялық комиссия құрамына Агенттік өкілдерін, жоғарғы тұрған меморгандар, қоғамдық бірлестіктер мен кеңестер, академиялық орта өкілдерін, сондай-ақ мәслихат депутаттарын қосу ұсынылды.
Комиссия мүшелері сұқбаттасуды, құзыреттілігін анықтау дағдыларына үйретуді Мемлекеттік басқару академиясында және Облыс әкім аппараттарының жанындағы өңірлік оқыту орталықтарында өтпек. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырған. Аттестаттау мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы боп саналады. Бұған шейін айтылғандай, 2016 жылғы 30 желтоқсан айындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың №404 Жарлығымен ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» қағидалары бекітілді. Биыл «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер бір реттік және кешенді аттестациядан өткізіледі екен.
Мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялаудың мақсатына келер болсақ, «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау және аталмыш аттестацияның қорытындысы бойынша комиссия мүшелері қызметкердің лауазымын жоғарылату туралы шешім қабылдауға құқылы. Мәселен, мемлекеттік қызметкер аттестация комиссиясының оң қорытындысын алатын болса, аталмыш мемлекеттік қызметкер атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келетінін және лауазымын жоғарылатуға ұсынылады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын азаматтарымыздың атқарған жұмысын тиянақты орындауға ынталандырады. Міне, кәсіби мемлекеттік аппараттандыру дегеніміз – осы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың озық отыз елдің қатарына кіру бойынша атқарылып жатқан саясатын, біз, мемлекеттік қызметкерлер бірауыздан қолдаймыз.
Гүлназ КЕНЖЕБЕКОВА,
«Тұран» университетінің оқытушысы,
гуманитарлық ғылым магистрі.