Жаңа дәуірдің бастауы
02.03.2018
1045
0
Тәуелсіздік жылдарында қаншама жемісті ірі жобалардың куәсі болып келеміз. Ұлт болып ұйысып, келер дәуірлерге қадам басу жолында қаншама тарихи құжаттар дүниеге келді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» – ұлттық мұраттарымызды келер дәуірлерге алып баратын тарихи бағдарлама.
Латын қарпіне көшуге тікелей пәрмен беру – Мемлекеттік тілдің кеңістігіне қанат бітіру деген ҰРАН! Ата-бабаның қаны, ұлы Ана­лар­дың сүтімен бойымызға дарыған Ана Тіліміздің үні БҰҰ-ның мінбесінен естіліп еді.
Ал, 26 ақпан күнгі Ақорданың төрінен Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті құ­зырлы орындарға бағытталған мемлекеттік тіл­ге қатысты нақты тапсырмасы – Ана тіл­дің жаңа дәуірінің бастауы деп ұғынғанымыз абзал.
– Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үде­рісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұ­мыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүр­гізілуі тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойын­ша азаматтардың құқығын шектеуге бол­майды. Бұл ретте, ілеспе аударма жасау мүм­кіндігі бар, – деген Қазақстан Пре­зидентінің сөзін орындау – ел азаматтарына сын.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір