Бір халық – Бір тағдыр
10.11.2017
1402
0

Өткен сенбіде Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында республикалық ұйғыр этномәдениет орталағының ұйымдастыруымен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Абдулла Розибақиевтің 120 жылдық мерейтойына арналған салтанат кеші өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің және Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер өкілдері тағы басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты кеш Жамбыл атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік филар­мо­ния­сының үлкен симфониялық ор­кест­рінің орындауындағы (дирижер – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Ерболат Ахмедьяров) ҚСРО және Қазақ ССР ха­лық әртісі, белгілі композитор Құд­­дыс Қожамияровтың «А.Рози­ба­қиев­ті еске алу» атты симфониясымен басталды.
1937-38 жыл­дарындағы қуғын-сүргін құр­бан­­дарына арналған
«5 күнә» атты дра­масынан үзіндіні тамашалады. Ал Қа­зақстанның еңбек сіңірген әртісі Ма­рат Мамет­бақиев ұлы Абай­дың «Кө­зімнің қарасы» әнін орындады.
Салтанатты кештің алғашқы құт­­тық­­тау сөзі Қазақстан халқы
Ас­сам­блеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайға берілді.
– Құрметті қауым, сіздерді мемле­кет және қоғам қайраткері Абдулла Ро­зибақиевтің 120 жылдық мерей­тойы­мен шын жүректен құттық­тай­мын. Абдулла Ахметұлы, Ораз Жандосов, Тоқаш Бокин, Багавутдин Ша­габут­ди­нов секілді замандастарымен бірге халық игілігі жолында кү­рес жүргізіп, саяси өмірге белсенді ара­ласты. Еліне, халқына нұрын шашқан мұн­дай азаматтарды еске алып, осы жо­ғары деңгейдегі шараны ұйымдас­тыру­шыларға үлкен алғы­сым­­ды біл­діремін, – деді Дархан Қам­забек­ұлы.
– Біз бүгін Қазақстандағы тарихи оқи­ға – қазақ алфавитінің кириллицадан латын жазуына көшудегі нақты қадамды, өздеріңіз көріп отырғандай, А.Розибақиевтің 120 жылдық меретойынан бастадық. Яғни оған шыға­рыл­­ған банерде латын әріпінде жа­зыл­ды, – деп сөзін бастады ҚР Пар­ламенті Мә­жілісінің депутаты, ҚХА Кеңе­сі­нің мүшесі, республикалық Ұйғыр эт­­но­мәдениет орталығының төраға­сы Шаймардан Нурумов. – Біз Қа­зақс­тан ұй­ғырлары кемеңгер Президен­тіміз Н.Ә.Назарбаевтың дана ішкі және сыртқы саясатын қолдап келеміз, қол­даудамыз, бұдан кейін де қол­дай­мыз. Көпұлтты, тәуелсіз еліміздің жан­жақ­ты дамуына Қазақстан ұй­ғыр­ларыда өз үлесін қосып келеді. Ел­басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­ла­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық ма­қа­ласы бәрімізді қай­тадан оятты. Ең не­гіз­гісі, біздің Ота­нымыз Қазақстан гүл­дене берсін. Оның жарқын болашағы үшін біз, қа­зақстандықтар, «Бір халық – Бір ел – Бір тағдыр» ұранымен қызмет ете бе­рейік.
Сөз кезегін алған ҚР Парламент Мә­жілісінің депутаттары Ахмет Му­ра­дов, Роман Ким, Алматы қалалық мәс­лихат хатшысы Қалдыбай Қа­зан­баев, Алматы қалалық ішкі саясат бас­қармасының басшысы Нұрлан Сы­дықов тағы басқалар бұл шараның өте жоғары саяси мәнге ие екенін, бүгінгі ұрпақтың Абдулла Розиба­қиев­­­тай қайраткерлердің жолын жал­ғастырып, ортақ үйіміз – Тәуелсіз Қа­­зақстанның жарқын болашағы үш­ін қызмет етуге тиіс екенін айтты.
Салтанатты кеш барысында Ал­матыдағы Қ.Қожамияров атындағы мем­лекеттік академиялық Ұйғыр му­зыкалық комедия театрының кол­лек­тиві және А.Розибақиев атындағы 153 мек­теп-гимназияның оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама қойыл­ды.

Ершат АСМАТОВ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір