Жаңа білім жолында
08.09.2017
1036
0

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

2008 оқу жылынан бастап
12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталды. Жа­ңа­­ртылған білім беру бағ­дар­ламасы оқушылардың сын тұр­ғысынан ойлап, білімді шығармашылық жағынан қол­дана алуына, түрлі қиын­дық­тарды саналы түрде шешуді үйретуге, өзін-өзі тануға, қа­рым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, балалардың зерт­теушілік бағыттағы тапсырмалар негізінде жеке және топпен жұмыс істей білу қабілетін жетілдіруде маңызы зор.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен баға­ла­нады: қалыптастырушы ба­ғалау және жиынтық бағалау.
Сауат ашу, қазақ тілі, әде­биет­тік оқу, математика, жараты­лыстану, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері үш­тілді қалыптастыру негізінде ортақ тақырыптармен оқы­ты­лады.
Бұл әдіс оқушының алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуіне, бойында
фун­к­ционалдық сауаттылықты қа­лыптастыруға әсер етеді.Бел­сенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ізденімпаздығын, зерттеушілік қасиетін дамытып, ынта-жігерін арттыруға, жеке ой-пікірін еркін жеткізуіне, қо­ға­мның мәдени, саяси өміріне толық араласа алатын жеке тұлға тәрбиелеу мүмкіндігін арттыруға болады. Осы мақсатта мектептегі оқу бағдарлама­ларына, оқу пәндері, сабақ беру әдіс-тәсілдері, бағалау жүйесіне өзгеріс енгізілді. 12 жылдық білім үш сатыдан тұрады. Бірін­ші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олар­дың оқуға деген ынтасын арт­тыруға көп көңіл бөледі, екін­ші – (5-10) сыныптар оқу­шы­лардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мә­дениетін, ғылыми әдістерді тү­сінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады.
Осы мазмұнға көшу үшін, яғни әр пәнді оқыту үшін тө­мендегі ресурстар қажет: жи­һаз­дардың сыныпта түрлі фор­ма­дағы жеке жұптық және топтық жұ­мыстар, белсенді әдістер ұйым­дастыруға мүмкіндік бере­тіндей жеңіл және жылжымалы болуы, рөлдік ойын­дар­ға арналған жабдықтардың болуы, демонстрациялық құ­рал-жабдықтар, интернет желі­сіне қосылған компьютерлер, планшеттер, мультимедия ресурстар, зерттеу жүргізуге ар­нал­ған тәжірбиелік құралдар, фото камера, фонарьлар, жарық шы­ғаратын заттар, жарықты қолдана отырып өткізілетін мерекелерге арналған желілік сымдар, графиктер сызуға ар­нал­­ған арнайы қағаздар және т.б.
Назарбаев зияткерлік білім беру мекемесінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған тәжірибелік алаңдар бар және материалдық құрал­дар­мен толық қамтамасыз етіл­ген. Болашақта сол жағдай жалпы білім беретін мектептерде де жасалады деген үміттеміз.
Қазіргі уақыт алдыңғы тол­қын­ның заманына мүлдем ұқса­майды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Сондықтан да 12 жылдық білім беру жағ­да­йында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интел­лек­туалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдасты­рыл­уына кешенді тұрғыда қа­рай­­тын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен тәжірибелік іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалар – адам­гершілік, ізгілік, еңбек­қорлық, парасатты мінез-құлық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген жан болуы керек.

Жанар Бейімбетқызы,
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір