Қазақстанда отандық білім берудің көшбасшыларына арналған жаңа алаң құрылды
13.12.2023
217
1

Отандық педагогикадағы ауқымды Upgrade «Білім берудегі көшбасшы бағдарлары» бірінші халықаралық интенсивінен басталды.

Бірінші интенсивтің негізгі сөзі алғаш рет болғанының символдық мәні бар.

Қазақстандық білім беруде мектеп басшылары алғаш рет арнайы өздеріне және олардың кәсіби дамуы мен көшбасшылығына арналған  тақырыптық форумда бас қосты. NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Астанада төрт жүзден астам директорды біріктірді, алты жүзден астам директор еліміздің барлық өңірлерінен онлайн қосылды. Екі күн бойы олар табысқа жету стратегиясында жеке және командалық басымдықтарды анықтады.

Алғаш рет ең үздік мектеп басшылары менеджменттің барлық түрлерін жүйелі негізде меңгерді – стратегиялық, жобалық, операциялық, цифрлық, HR және Talent-Management.

Директорлардың айтулы кездесуінде қатысушылар алғаш рет қатарынан оннан астам тілде сөйледі –  қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз, эстон, малай, әзірбайжан, неміс, француз, тамил және путунхуа.

Алғаш рет директор өз жүріп өткен жолдары туралы тебірене әңгімелеп берді – табысқа жету, жеңу, кәсіби күйзеліс және басқа да жеке оқиғалар.

Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон алғаш рет нағыз қыста болып, қарды көрді.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервті дайындау жөніндегі президенттік бағдарламаның алғашқы түлектері халықаралық интенсивтің  негізгі делегаттары атанды. Олардың барлығы Педагогикалық шеберлік орталығында оқуларын аяқтап, мамандыққа жаңа қадам жасауға дайын.

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин интенсивтің ашылу салтанатында президенттік кадрлық резервті дайындау бойынша ауқымды бағдарламаның бірегейлігін ерекше атап өтті.

Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілік бойынша креативті практикум, мектептегі Talent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.

Көшбасшының миссиясы қандай? Қателіктерді түзеу үшін директор⠀не істеуі керек? Кездейсоқ қателіктер үшін жазалаудың қажеті бар ма?⠀Мәселелер көбейсе, не істеу керек? Шульман моделінен кемелдікке дейін ұзақ жолды қалай жүріп өтуге болады? Әрбір директор медиатор бола ма? Балалар, ата-аналармен және мұғалімдермен конструктивті диалогті неден бастау керек? Роберт Дилтстың логикалық пирамидасы қалай жұмыс істейді?  Күн сайын әр директор жүздеген қиын сұраққа жауап іздейді. Сондықтан интенсивте отандық білім берудегі табысты кейстер ұсынылды. Елордадағы №54 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы Қайрат Мұқашев болашақ топ-менеджерлерге арналған президенттік бағдарламадан алған әсерімен бөлісті.

Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды. Олардың барлығы жаһандық педагогикадағы стратегиялық және жұмыс алгоритмдері бір екенін және көшбасшылардың негізгі бағдары көп жағдайда ұлттық білім беру жүйесіне емес, көшбасшылардың жеке стандарттарына байланысты екенін растады.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жүйесімен егжей-тегжейлі танысу және инстенсивке қатысу үшін Астанаға Қырғыз Республикасының үлкен делегациясы –«Сапат», «Креатив – Таалим», «Global school», Сәлімбеков университеті, «Айчүрек» қыздар лицейі өкілдері ұшып келді:

– Көшбасшылар интенсиві идеясының өзі «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас мұғалімдердің республикалық форумында туған. Жоспарлары батыл біздің жас мұғалімдер мектеп директорларын бір алаңда жинау туралы ұсыныс тастады. Содан кейін біз арнайы білім беру жүйесіндегі менеджерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жаңа платформа құрамыз деп шештік»,  –  деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.

Интенсив негізгі екі үлкен сабақ бергенін делегаттардың өзі атап өтті. Біріншісі «Қуана-қуана оқу: балалардың болашақ жетістігіне мектептегі әл-ауқаттың әсері» ұжымдық дискуссиясында айтылды: Әрбір отбасында және әрбір мектепте баланың толыққанды білім алу және бақытты балалық шақ құқығы міндетті түрде сақталуы тиіс. Екіншісі шараның жабылу салтанатында:
Отандық педагогикадағы ауқымды Upgrade – жеке кәсіби өсуге де, елдік жетістіктерге де мүдделі нағыз көшбасшыларға арналған миссия.

Бірінші халықаралық интенсив қатысушылардың өте жақсы деген бағасын алды. Әлемдік стандарттар мен көшбасшыларға арналған жаңа кәсіби платформаға деген абсолютті сұраныс қатысушылардың өз аузынан шыққан төмендегідей ұсыныстармен расталады: «Білім берудегі көшбасшы бағдары» дәстүрге айналып, жыл сайын қазіргі және болашақ мектеп директорларын жинауы керек!

Шетелдік қатысушылар Астанадағы интенсив оларға өз кәсібінде де, өмірде де жаңа биіктерге жаһандық шабыт бергенін мойындап, Педагогикалық шеберлік орталығын басқа елдерде де кеңейтуді ұсынды.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» –  Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының кадр резервін дайындау және мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттырудағы ауқымды жұмысының қисынды жалғасы.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» Халықаралық интенсив бірнеше күн бұрын Нидерландыдан оралған Педагогикалық шеберлік орталығы жаһандық ауқымдағы жаңа жетістігі аясында өтуде. Зволледе ПШО Қазақстан үшін жаһандық WALS эстафетасын ресми түрде қабылдады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет 2024 жылы Астанада Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығының халықаралық форумы өтеді.

Мира Алипинова

ПІКІРЛЕР1
Аноним 14.12.2023 | 09:51

Өте жақсы ұйымдастырылды, онлайн қатысып өзіме керекті көп мәлімет алдым👍👍👍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір