Әлеуметтік төлем – халық үшін
Жыл басынан бері 630 мыңнан аса Қазақстан тұрғынына әлеуметтік төлем берілген.
– 2017 жылдың 9 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 115,7 млрд. теңге көлемінде төлем жасады. 140,8 мың азамат жүктілік пен босануға, бала асырап алуға байланысты әлеуметтік жәрдемақы алды. Мұндағы төлемнің жалпы сомасы 48 млрд. теңгені құрап, орташа есептегенде бұл қаржы әр адамға 333 мың теңгеден келді. Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне 53 млрд. теңге қарастырылып, аталған бағытта 350 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауды иеленіп, төлемнің орташа деңгейі 24 мың теңгеден асты, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінде.
Мұнда, еңбекке қабілетін жоғалтқан жандарға жұмсалған 7,4 млрд. теңге жан басына 12 мың теңгеден есептелгенін айта кетуіміз керек. Асыраушысынан айырылған тараптарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған қаржы сомасы, орташа алғанда, 15 мың теңгеден белгіленіп, аталмыш әлеуметтік көмек түрін жалпы 5,8 млрд. теңгеге 38 мыңнан астам қазақстандық еншіледі. Жұмыссыз қалған кездегі әлеуметтік қолдаумен орташа деңгейі 18 мың теңгеден 1,5 млрд. теңге көлемінде 26 мың адам қамтамасыз етілген.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.